Үсу суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сонымен қатар температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, суланған әрі тар киім, аяқкиім, қолғап немесе мастық, ағзаның жалпы әлсіздігі әсер етеді. Көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақүсіккешалдығады. Үсудің 4 дәрежесі бар Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап, бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып, қышиды. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр болады, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай беру керек. Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 40C) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. III-IV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік кезінде мыналарды істеуге болмайды: Науқас адамды жылыту мақсатында кофе және спиртті ішімдіктерді беруге болмайды;Үсіген адамды жылы температурада алдымен жылытып алмай, ыстық су толтырылған ваннаға түсіруге болмайды;Үсуге ұшыраған тері аумақтарын интенсивті түрде қармен, маймен және спиртті ерітінділермен уқалауға болмайды;Тері аумағында пайда болған көпіршікті түзілістерді қолдан жаруға болмайды;Науқасты жылыту үшін ашық лаулап тұрған отты пайдалануға болмайды. Осы аталған жылыту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына әкеліп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағуға тіпті ауыр жағдайға дейін жеткізеді. Үсіктің профилактикасы: ағзаны суық сумен шынықтыру. Бұл қан айналымын жақсартып, суыққа төзімділікті арттырады. Жылы киімдер кию. Дереккөз:aktobegazeti.kz