Ұшақта гигиена талаптарын қалай сақтау керек – маман жауабы

Ұшақта гигиена талаптарын қалай сақтау керек – маман жауабы
Фото: flipboard

Жолаушылар салонында гигиена үнемі назарда болғанына қарамастан, ұшақта инфекция жұқтыруға болатын орындар көп. TikTok парақшасында стюардесса Tommy Cimato ұшақ ішінде тазалық сақтау, инфекция жұқтырмау жолдарын айтып берді.

"Антисанитарлық жағдайға байланысты дәретхананы жуу түймесін ешқашан ұстамау керек", - дейді ол.

Стюардесса дәретханада кез келген нәрсені қағазбен ұстауға кеңес береді.

@tommycimato

##greenscreen ##fyp ##flightattendant ##airline ##aviation ##travel ##flights

♬ Blue Blood - Heinz Kiessling & Various Artists

Оның айтуынша, ұшақта қысқа шалбар (шорты)  киюдің де қажеті жоқ, өйткені қысқа шалбардан денеңізге көптеген микроб жиналады.

"Ұшақпен жол жүргенде, үнемі шалбармен ұшуға тырысыңыз. Сіз орындыққа қанша инфекция жиналатынын білмейсіз. Олар ерекше жағдайларда ғана шаңсорғышпен тазаланады", - дейді ол.

Оқырмандар ұшақтың қаншалықты тазаланатынын сұрады. Бұған жауап ретінде Томми "экипаж мүшелері кабинаны мүмкіндігінше тазартуға тырысатынын, бірақ кейбір жерлер бәрібір қалып қоятынын" айтты.

Стюардесса ағзадағы сұйықтық тепе-теңдігін сақтау үшін ұшу кезінде ауыз судың қаншалықты маңызды екенін еске салды. Ол өзін нашар сезінген жағдайда көмек сұрау үшін экипаж мүшелеріне хабарласудан тартынбауға кеңес берді.

Томми жолаушының терезені мүмкіндігінше ұстамау керек екенін ескертті.

Оның пікірінше, иллюминатор – ұшақ бортындағы ең көп микроб жиналатаны жерлердің бірі.

А. Оралқызы