- Негізгі бет
- Денсаулық
- Үрейлі санды мәліметтер...
Үрейлі санды мәліметтер
Тұрмыс таза, ден сау болғанға, cалауатты өмір салтына не жетсін! Айналамызда болып жатқан сан-санақсыз вирустар мен бактерияларды біле бермейміз. Дегенмен, төмендегі санды мәліметтерді оқыған соң, қалай да одан аулақ болуға тырысасыз.
***
Бір шыбынның сыртқы денесінен миллионнан астам улы бактерияны, ал ішкі құрылысынан 30 миллион бактерияны байқауға болады екен. Ал үйде жәндіктерді шыбын өлтіргішпен ұрып өлтіргеннен гөрі, есік терезені жабық ұстаған әлдеқайда залалсыз екенін білген боларсыз.
***
Өкпе ауруларына душар болған адамның бір реткі түкірігінде 40-50 мың туберкулез бактериясын байқауға болады екен.
***
Адам әр рет түшкіргенде 10-15 мың вирус таратады.
***
"Таза", жуылмаған қолда 400 мың вирус бактериясы болады. Әрбір адамның тырнағының астынан 50 мың вирус бактериясын байқауға болады.
***
Жаз мезгілінде, сақталғанына бір түн асқан бір шыны тамақтан 200 миллионнан астам бактерия табылады.
***
Темекінің құрамында 20 түрлі улы зат бар.
***
Темекі түтіні ішінде 10 түрден астам рак тудыратын қосылыстар болады.
***
Бір тамшы никотинмен 300 келі тартатын үш жылқыны улап өлтіруге болады.
***
Швецияда темекі шегу салдарынан ауруға душар болып өлген адам саны қатынас шырғалаңынан қаза тапқандардың санынан бес есе артық.
***
АҚШ-та әр жылы темекі шегу салдарынан қаза болатындар 350 мыңнан асады.
***
АҚШ әр жылы темекі шегумен қатысты болған науқастарды емдеу үшін 13 миллиард доллар қаржы жұмсайды.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек