Жұмысқа да, басқаға да зауқыңыз болмай, үнемі тұнжырап, шаршап жүретін болсаңыз, бұл сіз ойлағандай жас ұлғая қалыптасатын қалыпты жағдай емес. Оның да өзіндік себебі бар. Мәселенің алдын алып не шешу жолын қарастырсаңыз, барлығын қалпына келтіруге болады.
Бұл күйіңіздің басты себептері:
– Ағзада гормондар өзгеруі;
– Айналаның шуы;
– Қуаныш, қорқыныш, қызғаныш, толқу секілді сезімдер бір мезетте қатар келуі;
– Ойдың шашыраңқы болуы.
Мәселенің шешімі қандай?
Таңғы асты қалдырмай, міндетті түрде ішіңіз.
Жиі-жиі әрі көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз.
Ұйқыңыз келсе, жатып демалыңыз. Қанша жатсаңыз да ұйықтай алмай қойсаңыз, арнайы дәрі іүшуге де болады.
Күшіңіз сарқылса – секіріңіз. Айтқанда біртүрлі естілетіні рас. Шаршаған кезде тәулік бойы тұрмастан ұйықтай бергіңіз келеді. Бірақ неше сағат ұйықтасаңыз да, оянғанда бәрібір сол күйі шаршап тұрасыз, солай ғой? Сондықтан бұл жайттың емі көбірек жаяу жүру, әуен ырғағына ілесіп билеу, лифтіге мінбеу.
Жаныңыз қаламаған іске кіріспеңіз. Қандай қимасыңыз болса да, оған бұл іспен айналысқыңыз келмейтінін айтудан қысылмаңыз. Сонда өміріңіз қуанышты сәтке тола түседі. Өзіңізге ұнайтын өмірге бір табан жақындай түсесіз.
Ішіңізден беске дейін санап, терең демалыңыз. Мұрныңызбен баяу әрі терең тыныстап, демді ішке жинаңыз да, осылай ақырын ауаны аузыңыздан шығарыңыз. Екі минуттай қайталаңыз. Осылай ағзаңыз демалып, оттегіге толыға түседі.