- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ультрадыбыстық зерттеуге қалай...
Ультрадыбыстық зерттеуге қалай дайындалу керек?
Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) – ағзаның құрылымын ультрадыбыстық толқындардың көмегімен қарауға негізделген диагностикалық әдіс. Ал оған алдын ала ағзаны дайындаған абзал.
• Зерттеу аш қарынға жүргізіледі. Ем-шараға дейін 6 сағат бұрын тамақ ішуге және жеуге болмайды.
• Зерттеуге 2-3 күн қалғанда жеңіл диета ұстау ұсынылады: ішектің жиырылуын және газдың пайда болуын күшейтетін тағамдарды (ұннан жасалған тағамдар, қара нан, шикі көкөністер мен жемістер, бұршақ дақылдары, сүт, шырындар, газдалған және алкогольді ішімдіктер) шектеу.
• Газдың түзілуі жоғары болғанда 2-3 күндей адсорбент препараттарын қабылдау ұсынылады (белсендірілген көмір, гидролизді лингин, коллоидты кремний диоксиді).
• Ем-шараға 2-3 күн қалғанда бариймен рентгендік зерттеу жүргізбеу керек.
• Зерттеуге дейін бір тәулік бұрын гастроскопия, колоноскопия, клизма жасатпау қажет.
Н. Үсенова