Үлкен теннис ойнауды үйренгіңіз келсе

Үлкен теннистің денсаулыққа пайдасы зор. Алайда, көбі оны үйренуден жүрексінеді. Неден бастау керек?

Дайындық

Ойынға арналған керек-жарақтың бәрін сатып алыңыз. Cапалы бірнеше ракетка, қаптар, доп, спорттық күрте, 2 жеңіл кроссовка, тамыр тартқыш, тізе орағыш пен мақтадан тігілген белдемше керек болады. Киіміңіз ыңғайлы болуы керек.

Жаттықтырушы

Тәжірибесі мол жаттықтырушы іздестіріңіз. Егер жасөспірім не студент болсаңыз, топпен жаттығуыңызға болады. Егер ересек болсаңыз, жеке жаттықтырушы керек болады.

Жаттығатын жер

Жақсы жер (теннис корты) тауып алыңыз. Жазда кең аулада жаттыққан жақсы. Бірақ асфальтта ойнамағаныңыз жөн. Ал салқын кезде қатты еденді жабық кортта жаттығу керек.

Жаттығуды бастау

Бірден қарсыласпен ойнау сізге қиын болуы мүмкін. Алдымен қолды жаттықтырып, буындарды қатайту керек. Жақсылап керіліп-созылып, бұлшықеттерді қыздырып алыңыз.

Допты қабырғаға лақтырып, оны қолмен қағып алыңыз. Бұл жаттығуды 20 минут бойы жасаған жөн.

Содан соң корттың екінші жағына допты дұрыс лақтыруды үйреніңіз. Оң, сол жақтан қағып алуды да ақырындап үйрене бастайсыз.

Бастапқыда жаттықтырушымен үйренген дұрыс. Себебі, техникалық қателіктер болуы мүмкін. Ол қателіктер әдетке айналып, түзелмей қалуы мүмкін.

Іске сәт!