- Негізгі бет
- Денсаулық
- Үлкен қыздардың кішкентай...
Үлкен қыздардың кішкентай құпиялары
Бұл мақала диета немесе тамақтан тыйылу туралы емес. Біз сіздерді калория санауға немесе таразыға тартылуға шақырмаймыз. Жай ғана денсаулықты, сұлулықты күзететін, ас қорытуды жақсартатын азық-түліктер туралы айта отырайық. Екінші жағынан, бұл тағамдардың бағасы қымбат емес және жақын маңдағы дүкенде немесе дәріханада сатылады.
Су ішеміз, лимон тістейміз
Судың пайдасы туралы бірнеше рет сөз қозғадық. Бұл қасиеттер оған лимонды қосқанда одан сайын үдей түспек. Біріншіден, сусын ағзаның қажеттіліктерін өтейді, әсіресе, қыс кезінде С дәруменімен қамтамасыз етеді. Екіншіден, қою кофеден де жақсы сергітеді. Үшіншіден, таңертең ішілген бір стақан лимонад ағзадағы артық шлактарды шығарып, күнді таза беттен бастауға көмектеседі. Сонымен қатар, осы сусыннан кейін артық салмақ туралы ойланбастан тойып тамақтана аласыз. Егер мұндай қоспа сіз үшін тым қышқыл, жағымсыз болса, оған бір ас қасық бал қосыңыз. Ағзаңыздың «алғысын» аласыз. Айтпақшы, бұл газды сусындарды алмастырудың тамаша бір жолы саналады. Кейде бір стақан лимонад сіздің жегіңіз емес, ішкіңіз келгенін түсіндіреді.
Ескерту: сусынды ішу асқазан жарасы бар адамдарға тыйым салынады.
Лимон бағасы: 100 теңге
«Жылқы» сусыны
Немесе сұлы сүтін байқап көріңіз. Бұл қоспа 2014 жылы өзекті тағамдардың қатарына енді. Ұнтақты өнімді дәріханалардан сатып алуға болады. Құрамында адам ағзасына көмектесетін сұлы дәні, дәрумендер, ферменттер бар. Шын мәнінде, бұл тағамның асқазан-ішек жолдары ауруларын, жүрек ауруларын, қан аздықты, атеросклерозды, артритті емдеуге күші жетеді. Тағы бір ерекшелігі оны балалар да, жүкті, емізулі әйелдер де пайдалана алады. Өнімді қағазда жазылған нұсқама бойынша қабылдаңыз. Осыдан кейін сіз әдеттегіден аз тағам жейсіз және асқазан ауырлығы, ыңғайсыздық дегендерді ұмытасыз. «Ғажайып-ұнтақты» қарапайым сүтпен араластырсаңыз, пайдасыз сусындардың орнын алмастыра алады. Айтпақшы, теріңіздің де жай табатынын да ұмытпаңыз.
Ескерту: аллергиясы бар адамдар абайлап қолдану керек!
Дәріханадағы бағасы: 320 теңге
Сергітетін компот
Итмұрын сусынын Ташкент тұрғындары көп пайдаланады. Дәмді әрі қою сергіткіш сусынды дастарқанға да қояды, ыстықты күндерде де, қыстың аязды күндерінде де, қысқасы, барлық кезде ішеді. Ерекшелігі – оның қайнатпайсыз, құрамында барлық цитрустардан 5 есе көп С дәрумені бар. Кешкісін итмұрынға ыстық қайнаған су құйып, аздаған бал қосыңыз да, термосқа қалдырыңыз. Ертесіне түске дейін ішіп тауысуға тырысыңыз. Қуат, жұмысқа деген құлшыныс, иммунитеттің көтерілуін қамтамасыз етеді.
Итмұрынды базардан немесе дәріханадан 120 теңгеге сатып алуға болады
Шлактармен күрес!
Алкогольді сусын немесе тез дайындалатын тағамдар, ескірген азық-түлік – бәрі де ағзаны уландырады. Міне, бұл дәрі-дәрмек (зиянсыз) уланудың түрлерін, аллергиялық ауруларды, тері қабынуларын жеңе алады. Оны бір стақан суға ерітіп, тамақпен бірге де, кейін де ішуге болады. Бұл биологиялық өнімді күйікке, жарақатқа және тағы да басқа тері зақымдарына қарсы, тамақты, мұрынды шаюға, көзді жууға пайдаланыңыз.
Ескерту: аллергиясы бар адамдар абайлап қолдану керек!
Дәріханадағы бағасы: 450 теңге
Біз ұсынған өнімдердің пайдасы тиіп, сізді қазіргіден де сымбатты, сұлу етеді деп үміттенеміз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:vkurse.ua,liveinternet.ru,comode.kz