Қарапайым йод – кез келген дәріханада арзанға сатылатын дәрілік зат. Йодты жараларды тазалауға, емдеуге, екпе жасағаннан кейін ісігін кетіру мақсатында қолданамыз. Шынында йодты онша жиі қолдана бермейміз, йодтың бір сауыты жылдар бойы дәрі қобдишамызда сақталады. Бірақ мына дауаны үйреніп алсаңыз, йодты жиі қолданатын боласыз.
Йод сынғыш, жұқа, зақымданған тырнақты берік қыла алады екен. Бұл дауаны өзіңіз-ақ үйде оңайлықпен жасай аласыз.
Сізге керегі: йод, мақта мен мақта таяқшалары.
Тырнақтағы маникюрды арнайы сұйықтықпен кетіріп тастаңыз. Тырнағыңызды сабынды сумен жақсылап тазартып жуыңыз. Мақта таяқшасын йодқа малып, әр тырнағыңызға йод жағып шығыңыз. Йод тырнаққа тез сіңуі керек. Қорықпаңыз, ол киіміңізді, теріңізді аса кірлетпейді. Йод кепкенін күтіңіз. Бұл дауадан кейін тырнағыңыз йодқа тән қызғылт-сары түске боялады. Бұл оғаш көрінеді десеңіз, тырнаққа лак жағып қойыңыз.
Осындай дауа тырнағыңызды лактың кері әсерінен сақтап, тырнақты берік қылады. Дауаны 5 күн қатарынан қайталасаңыз, тырнағыңыз әлдеқайда жақсарып қалады.
Бұл дауаны бірнеше жыл бойы біздің аналарымыз қолданып келген. Сондықтан еш қауіпсіз деп ойлай берсеңіз болады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: look-well.ru