- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тырнақтағы дақ түсі...
Тырнақтағы дақ түсі ағзаға қай дәрумен жетіспейтінін көрсетеді
Бет терісінің түсі, қабынған тіл және басқа да белгілер жүйке жүйесіне және оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауға жауап беретін эритроциттердің өңделуіне аса қажет В12 дәруменінің жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін.
В12 дәрумені асқорыту ферменттерінің өңделуіне ықпал етеді, жасушаларға қоректік заттарды тасымалдаумен қамтамасыз етеді. Ол ми және жүйке жүйесі жұмысын қалыпта ұстауға қажет. Оның жетіспеушілігі жұмысқа қабілеттілікті, зейін қоюды және жан-дүниенің тепе-теңдігін нашарлатады.
В12 дәруменінің негізгі қоры бауырда болады. В12 дәруменінің жетіспеушілігі оның тамақтан жеткілікті алынбауымен және дәруменнің дұрыс сіңбеуімен байланысты болуы мүмкін.
Британдық дәрігерлердің айтуынша, В12 дәруменінің жетіспеушілігін көрсететін белгі бар. Оның жетіспейтінін тырнақта пайда болатын дақтар ескерте алады. Олар көк, сұр немесе тіпті, қара түсті болуы мүмкін. Олар ауырмайды және ешқандай жағымсыз сезімдер сыйламайды.
"В12 дәруменінің деңгейі аз науқастарда байқалатын тырнақ бетіндегі қалыптан тыс пигменттелуі, әдетте, көк-қара түсті болады. Тырнақтардағы, әсіресе, бас бармақ тырнағының пигменттелуі айқын көрініп тұрды", - деді британдық сарапшылар.
Сонымен қатар, тырнақта жолақтар пайда болады. Бұл да В12 дәрумені жетіспеушілігінің белгісі.
В12 дәрумені жетіспеушілігінің белгілері:
- бұлшықет әлсіздігі;
- аяқ-қолдың шаншуы;
- жаралардың ұзақ жазылуы;
- анемия;
- етеккір циклінің бұзылуы;
- шаштың түсуі.