Тыныс жаттығулары

Жұмыста шаршайсыз, ұйқыңыз жиі жағдайда қанбайды, стресс... Осының жағымсыз әсерінен арылуға сізге тыныс жаттығулары көмектеседі.

Біркелкі дем алу

Қиындығы: төмен.

Қашан орындау керек: кез келген уақытта және әсіресе ұйқы алдында.

Техника: Мұрын арқылы дем алып, ішіңізден 4-ке дейін санаңыз. Дем шығарып, қайта 4-ке дейін санаңыз. Осы темпты ұстанып, біраз уақыт жаттығу жасаңыз.

Құрсақпен дем алу

Қиындығы: төмен.

Қашан орындау керек: кез келген стресті сәтте.

Техника: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңізді түзулетіңіз. Минутына 6-10 терең дем алыңыз, жаттығуды 10 минут жалғастырыңыз.

Мұрынмен кезек дем алу

Қиындығы: орташа.

Қашан орындау керек: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері.

Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз.

Әркелкі дем алу

Қиындығы: жоғары.

Қашан орындау керек: оянғаннан кейін, сергу мақсатында.

Техника: Терең асықпай дем алыңыз, артынан іштің көмегімен тез, бір сәтте демді шығарыңыз. 10 рет қайталаңыз.

Релаксация

Қиындығы: төмен.

Қашан орындау керек: кез келген жағдайда

Техника: Көзіңізді жұмып, бірінен кейін бірі бұлшық еттерді қатайтып, 2-3 секундтан кейін босансытыңыз. Аяқ саусақтарынан бастап, тізе, сан, кеуде, қол, мойын, тіпті көз бұлшық еттерін жаттықтырыңыз. Жаттығу бойы терең, асықпай дем алыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: merck-consumer-health.com