- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тым болмағанда екі...
Тым болмағанда екі күндік демалысты спортқа арнаңыз...
Адам аптасына 150 минутын спортқа, белсенді қимыл-қозғалыс жасау мен жаттығуға арнаса жеткілікті. Демек, аптаның демалыс күндері – сенбі-жексенбі күні ғана жасалған жаттығудың өзі адамға өте пайдалы.
Осылай дейді британ ғалымдары.
Тиссайд Университетінің (Teesside University) ғалымдары 40 жастан асқан 60 мың адамның өмір салтын, жалпы тыныс-тіршілігін қарап, бақылау жүргізген екен. Адамдарды спортпен айналысатын, аздап айналысатын және мүлде айналыспайтын деп үш топқа бөлген.
Сонда зерттеушілер тым болмағанда демалыс күнін қимыл-қозғалыс пен спортқа, физикалық белсенділікке арнаған адамдар демалысын мүлде диванда жатуға арнаған адамдардан әлдеқайда көбірек ғұмыр кешкенін байқаған.
"Спортпен мүлде айналыспаған адамның жүрек-қан тамыры ауруына шалдығу қауіпі 40 пайыз, ал қатерлі ісікке шалдығуы 18 пайыз", - деп қорытындыға келген зерттеу авторлары.
Сондықтан мамандардың айтуынша, демалыс күнін белсенді өмірге арнаған адамның денсаулығы біршама жақсы болмақ. Белсенді өмір дегеніміз – спортпен айналысу, тауға шығу, серуендеу, көбірек жаяу жүру.
Қ. Слямбек