Түстер әлемі сиқырлар мен жауабы жоқ сұрақтарға толы... Қазірдің өзінде ғалымдар түстерді нақты болжай алмай, олардың сырын ұғына алмауда. Әзірше түс жайлы мына қызықты жайттармен таныс болыңыздар.
1. Түс кезінде қимылдай алмаймыз
Түс көрген сәтте денеміз қимылдай алмайды екен. Бұл құбылыс денеміз түсіміздегі көріп жатқан іс-қимылдарды қайталап, денемізге зақым тидірмеу үшін пайда болған екен.
2. Сыртқы орта мен түстің байланысы
Сыртқы орта түсімізге әсер ете алады. Мысалы, өңінде шөлдеп жатқан адам түсінде мөлдір су құйылған стақан көреді. Ішсе де, шөлін баспағанын түсінген ағза ояна бастайды. Осылайша түс ағзамызды қорғап, оған белгілер береді.
3. Темекі шегуді тастағандардың түстері басқаларға қарағанда жарқын
Бұл қызықты дерекке түсініктеме табылмады. Алайда, расымен, бұрын темекі шеккендердің түстері жарқын, басқаларға қарағанда шынайы болады екен. Айта кетсек, олардың түстеріне қайта темекі шегіп жүргендері көп кіреді. екен.
4. Түс - болашақтың болжамы емес
Біздің санамыз белгілер тілін қолданады. Түс - болашаққа көрініс емес. Түстен нақты жауаптар емес, белгілер іздеңіз.
5. Түске тек шынайы адамдар мен жерлер кіреді
Түсіңізде бейтаныс адамдарды, болмаған жерлерді жиі көресіз бе? Бұны санаңыз ойлап тапқан емес. Бұл кісілер мен жерлерді сіз міндетті түрде өміріңізде бір рет болса да көріп, бірақ есіңізде сақтамай қалғансыз.
6. Түстер психоздың алдын алады
Жақында ғалымдар мынадай тәжірибе жүргізген: ұйықтап жатқан адамдарды әр ұйқы фазасының басында оятып тұрған, алайда тиісті 8 сағат ұйықтауға берген. Осылайша бұл адамдар ешбір түс көре алмаған. 3 күннен кейін олардың бәрінде бас ауыруы, ойының шашыраңқылығы, ашу-ыза, яхни психоздың алғашқы белгілері байқала бастаған. Келесі күні, оларға ұйықтап, түс көруге мүмкіндік бергенде, бұл белгілер кеткен. Яғни түс - миымызды демалтуға мүмкіндік береді.
7. Түстердің 90%-ы ұмытылады
Оянғаннан кейін 5 минут өткенде, біз түсіміздің жартысын, ал 10 минуттан кейін тіпті барлығын ұмытамыз. Есімізде тек бір-екі көрініс пен бейнелер қалады. Тарихта түсінде ғалымдар жаңалық ашып, жазушылар ерекше шабыттанатын кездер болған. Олардың барлығы оянған сәтінде қолына қағаз бен қалам алған көрінеді. Сіз де түстеріңізді оянған сәтте жазып алып, кейін оқып, өзіңіздің жаңа қырларыңызды ашыңыз.
Сурет: leyatraccionpositiva.com
Дайындаған: Сания Аринова