Түскі үзілісті пайдалы етіп өткізіңіз

Жұмыста түскі асқа арналған үзілісте тамақтанып қана қоймай, бұл уақытты денеңізге, ойларыңызға, жаныңызға пайдалы етіп өткізіңіз.

Ауыр жұмыс күніндегі бір бақыт - түскі ас үзілісі. Айналдырған 1-2 сағаттың ішінде компьютердің алдынан шықпай, асыңызды асығып жеу дұрыс емес. Бұл уақытта денеңіз бен жаныңызға пайдалы талай шаралар жасап тастауға болады.

Денсаулық үшін:

Әрине, бұл уақытты ең алдымен тамақтануға құрту керек. Тамағыңыздың ауыр емес, пайдалы, тым майлы емес екендігіне көз жеткізіңіз. Күнделікті түскі аста пайдалы бір жеміс, көкөніс, шырын не йогурт жеңіз.

 

Дене пайдасына:

Көз, қол-аяқ, мойын жаттығуларын жасаңыз. Тамақтанғаннан кейін далаға шығып, аулада жүріп келіңіз.

 

Ми пайдасына:

Шет ел тілін үйренуге бағытталған сайтқа тіркеліңіз. Түрлі бағдарламаларды үйрететін сабақтар оқыңыз. Онлайн шахмат ойнаңыз. Жұмысыңызға қажетті әдебиетті оқыңыз.

 

Жан рахаты үшін:

10-15 минут көз жауып, мызғып алыңыз. Демалуға көмектесетін сайттарға тіркеліңіз. Мысалы calm.com. Құлақшын киіп, сүйікті әндеріңізді тыңдаңыз. Сүйікті кітабыңызды қайта оқыңыз. Газет-журнал оқыңыз.

 

Ал сіз түскі ас кезінде не істейсіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: chocolate-broccoli.com