- Негізгі бет
- Денсаулық
- Түскі үзілісті пайдалы...
Түскі үзілісті пайдалы етіп өткізіңіз
Жұмыста түскі асқа арналған үзілісте тамақтанып қана қоймай, бұл уақытты денеңізге, ойларыңызға, жаныңызға пайдалы етіп өткізіңіз.
Ауыр жұмыс күніндегі бір бақыт - түскі ас үзілісі. Айналдырған 1-2 сағаттың ішінде компьютердің алдынан шықпай, асыңызды асығып жеу дұрыс емес. Бұл уақытта денеңіз бен жаныңызға пайдалы талай шаралар жасап тастауға болады.
Денсаулық үшін:
- Әрине, бұл уақытты ең алдымен тамақтануға құрту керек. Тамағыңыздың ауыр емес, пайдалы, тым майлы емес екендігіне көз жеткізіңіз.
- Күнделікті түскі аста пайдалы бір жеміс, көкөніс, шырын не йогурт жеңіз.
Дене пайдасына:
- Көз, қол-аяқ, мойын жаттығуларын жасаңыз.
- Тамақтанғаннан кейін далаға шығып, аулада жүріп келіңіз.
Ми пайдасына:
- Шет ел тілін үйренуге бағытталған сайтқа тіркеліңіз.
- Түрлі бағдарламаларды үйрететін сабақтар оқыңыз.
- Онлайн шахмат ойнаңыз.
- Жұмысыңызға қажетті әдебиетті оқыңыз.
Жан рахаты үшін:
- 10-15 минут көз жауып, мызғып алыңыз.
- Демалуға көмектесетін сайттарға тіркеліңіз. Мысалы calm.com.
- Құлақшын киіп, сүйікті әндеріңізді тыңдаңыз.
- Сүйікті кітабыңызды қайта оқыңыз.
- Газет-журнал оқыңыз.
Ал сіз түскі ас кезінде не істейсіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: chocolate-broccoli.com
С. А