Балаларға нәресте кезінен бастап түсте 20 минут ұйықтау әдетін қалыптастыру есте сақтау қабілетіне пайдалы.
Жуырда АҚШ-тың «Мемлекеттік ғылым академиясы журналы» жариялаған мақалада түсте ұйықтау балалардың есте сақтау қабілетіне ерекше пайдалы екендігі айтылған. АҚШ Бостон Массачусетс университетінің Амхерст институты суреттерді айыру ойынын ойнату арқылы 3-5 жас аралығындағы балаларға сынақ жүргізген. Мұнда балалардан суретті, сөзсіз, дұрыс айыру талап етілген. Нәтижеде түсте ұйықтауды әдетке айналдырған балалардың суретті есте сақтау салыстырмасы түсте ұйықтамайтын балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Жарысқа қатысқан балаларға ми электр толқыны арқылы тексеру жүргізгенде түскі ұйықтау балалардың үлкен миының есте сақтау уақытын ұзартады екен. Түсте ұйықтағанда үлкен мидың қызметі қалыпқа түседі.
Зерттеушілер мынаны ескертеді: кейбір балалар түсте ұйықтауды әдетке айналдырмаған. Ата-аналары да бұған қатты көңіл бөлмейді. Алайда, зерттеу нәтижесінде түскі ұйқының балалардың есте сақтау қабілетін тіпті де бекемдей түсуде маңызды рөл атқарып қалмастан, үйренген білімдерін миына толық қабылдауына пайдалы, мұнан сырт, балалар әр күні жаңа білім қабылдайтындықтан, түскі ұйқы балалардың үлкен миының қызметін онан ары жақсартып, есте сақтау уақытын ұзартып, жаңа білімдерді қабылдауына септігін тигізеді екен. Сол үшін балаларға, сөзсіз, нәресте кезінен бастап түсте 20 минут ұйықтау әдетін қалыптастырған дұрыс.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com