Жаңазеландиялық ғалымдар жаһанға тағы бір жаңалық жариялады. Олар алғаш рет адамның үш өлшемді түрлі-түсті рентген суретін түсірген. Бұл кескінді түсіру үшін ғалымдар Еуропа ядролық зерттеулер орталығында дайындалған Medipix3 сенсорлық микросхемасын пайдаланған. Түрлі-түсті рентген енді дәрігердің дәл диагноз қоюына көмектеседі. Жоғарыда айтып өткен Medipix3 сенсорлы құрылғысы фотокамераның қызметін атқара алады. Басты артықшылығы, атаулы микросхема жекелеген әрбір ұсақ бөлшектерді көруге, оны суретке түсіруге қауқарлы. Сонымен қатар, сурет сапалы, тұнық түсіріледі. Бұл құрылғыны әкелі-балалы Фил мен Энтони Батлерлер жасап шығарды. Аппарат адам ағзасындағы түрлі компоненттерді, ауру белгілерін бірден таниды. Жүргізілген зерттеулердің бастапқы нәтижелері емханаларда спектральдық визуализацияны қолдану барынша дәл диагноз қою мүмкіндігін беретінін көрсетіп отыр, - дейді құрылғыны жасап шығарған профессор Энтони Батлер.