Әтір иесі туралы көп мәлімет беретіндіктен, оны өзімізге немесе сыйлыққа сатып алсақ та, дұрыс таңдай білгеніміз жөн.
Көшірме әтірлердің 3 түрі болады:
1. Көшірмелерін «Барахолка, Көк базар, Алтын орда» сынды жақын маңдағы базарлардан кездестіруге болады. Бір қызығы олардың иісі түпнұсқадан аумайды. Алайда 15-20 минуттан кейін хош иіс деп айтуға келмей қалады.
2. Түпнұсқа мен көшірме әтірдің қорабында едәуір айырмашылықтар бар. Көшірменің қорабында «version» сөзі кіші әріптермен жазылады.
3. Әтір атауының бір әрпі өзгертіліп беріледі. Сол себепті сүйікті әтіріңіздің атауының қалай дұрыс жазылатындығын анықтап алыңыз.
Қорабы
Түпнұсқа әтірлердің қорабындағы бояулар мен әріптері анық көрінеді. Мұнымен қатар сыртын қаптап тұрған целлофан тығыз жабылуы тиіс.
Флакон
Атақты компаниялар өздерінің сапалы тауарларын қорғау үшін флакон жасауда ең қымбат әйнектерді пайдаланады. Кейде, тіпті, хрустальды да қолданады және дизайнін қиын жасауға тырысады.
- Флаконның ішінде ауаның болмауына да мән беріңіз;
- Сепкіші айналмауы тиіс;
- Флаконда да әтірдің миллилитрі көрсетіледі;
- Мәлімет беретін қағаз флаконның түбіне емес, артқы бөлігіне жабыстырылады.
Енді флаконның ішіне назар аударайық. Әтірдің түсі әр түрлі болуы мүмкін, алайда атақты брендтер табиғи түстерге жақын болғандығын қалайды. Көбінесе қызғылт сары, сары, қуқыл сары түсті болып келеді. Ал егер әтірдің ішінде қоспалар көп болса, күлгін, ақшыл жасыл, ақшыл көк түске өзгереді. Нағыз көшірме әтірдің түсі күлгін көк түске жақын болып келеді.
Жазбалар
Түпнұсқа әтірлердің сыртында «Made in France» сынды қай мемлекетте өңдірілгендігі міндеттім түрде көрсетілуі тиіс. Ал тек «France» деп көрсетілген әтірлерді алмағаныңыз жөн. Мұнымен қатар «parfume» деген сөздің жазылуына назар аударыңыз. Француздар бұл сөздің соңына «е» әрпін жазбайды.
Штрих-код
Көбімізге түсініксіз ақ қара сызықтар көп мәлімет береді. Штрих-код жазылуы үшін мемлекеттік стандарттары болуы тиіс. Сол себепті оны да дұрыс оқи білуіміз керек. Алғашқы 2-3 сан өндірушінің мемлекетін білдіреді. Келесі 4-5 сан кәсіпорынның белгісі. Ал үшінші бөліктегі 5 сан өнім туралы мәлімет береді.
Мерзімі
Мерзімі көрсетілмеген таза әтірлер 1 жылға дейін жарамды. Кейде ерекше күтімнің арқасында 3 жылға дейін пайдалануға болады. Мамандардың айтуынша, қорабында мерзімі 1 жыл деп көрсетілген әтірлерді алудың қажеті жоқ.
Тексерудің тағы бір әдісі
Әтірді тоңазытқышқа салыңыз, егер аз уақыттан соң түсі бұлдырланып кетсе, өкінішке орай сіз көшірмесін сатып алдыңыз. Оны дүкенге апарып қайтадан өткізсеңіз болады.
Ең соңында бағасына да назар аударыңыз. Сапалы әтірдің бағасы да қымбат.
Ал сіз әтірді қалай таңдайсыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: lady.kz