- Негізгі бет
- Денсаулық
- Түнде жұмыс істеу...
Түнде жұмыс істеу денсаулыққа зиян ба?
Сіз 22:00-ден 06:00-ге дейін жұмыс істесеңіз, демек жұмысыңыз түнгі болып саналады. Мұндай кесте сіздің денсаулығыңызға қалай әсер ететінін анықтайық.
БИОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Адамға күндіз белсенді болып, түнде демалуға мүмкіндік беретін ұйқы мен ояну циклі ұзақ уақыт бойы қалыптасты. Жарық мөлшерін бақылайтын ми қызметін білдіретін «циркадиялық сағат» деген ұғым бар. Яғни, жарық сөне бастағанда, ішкі сағат мұны байқап, мидағы мелатониннің артуын тудырады. Дәл осы зат денеге ұйықтап кету туралы сигнал береді. Түнде мелатонин деңгейі жоғары болады, бірақ таңертең төмендейді және күндіз төмен қалпын сақтайды.
Күндізгі уақытта денеде норадреналин және ацетилхолин сияқты басқа химиялық заттардың (нейротрансмиттерлердің) деңгейі көтеріледі, бұл адамдарды сергек етеді. Бұл жүйе күндізгі-түнгі цикл кезінде дененің синхрондалуын қамтамасыз етеді. Көптеген басқа дене функциялары, соның ішінде температура, ас қорыту, жүрек соғу жиілігі және қан қысымы тәуліктік белсенділікке байланысты күні бойы өзгереді.
Циркадиялық ырғақтармен байланысты маңызды дене функциясы - негізгі дене температурасы. Ол күндіз көтеріледі, содан кейін таңертең ерте төмен деңгейге жетеді, содан кейін кеш түсте қайтадан максимумға дейін көтеріледі.
Түні бойы ұйықтау үрдісі түн ортасы мен таңғы сағат 4 арасындағы температураның циркадиялық ырғағының төмендеуі кезеңінде пайда болады. Яғни, дене қызуы көтерілгенде, ұйқыда болу қиындай түседі. Таңертеңгі сағат 8-де ұйықтауға тырысатын түнгі жұмысшыларға мұны істеу өте қиынға соғады, сонымен қатар күндіз төсекте жатып, ұйықтай алмайтын себептердің бірі осы.
Бұл не деген сөз? Түнде жұмыс істейтін немесе жұмысты таңғы 6-дан бұрын бастайтын адам өзінің тәуліктік ырғағына қарсы келеді. Бұл оның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, түнгі жұмыс денсаулыққа зиян.
ТҮНГІ ЖҰМЫСТЫҢ ЗИЯНЫ
Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адам тәуліктік ырғақтарын бұзады және денсаулыққа байланысты түрлі мәселелерге тап болады:
• Семіздік ықтималдығының артуы
• Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі артады
• Көңіл-күйі жиі өзгере бастайды
• Асқазан-ішек жолдарында проблемалар туындайды: мысалы, асқазандағы жайсыздық пен метеоризм.
• Қақтығыстар мен жанжалдарға, ажырасуларға әкелетін психологиялық мәселелер пайда болады
• Қатерлі ісік және әйелдер үшін сүт безі қатерлі ісігінің жоғарылауы
• Түнгі жұмысқа байланысты ұйқысыздыққа бейімділігі бар адамдарда эпилепсия қаупін арттыруы мүмкін.
• Қант диабетімен ауыратын түнгі жұмысшылар қандағы қант деңгейін бақылауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.
ҰЙҚЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Бұл ауысымдағы жұмысшылар басқа жұмысшыларға қарағанда орташа есеппен екі-үш сағатқа аз ұйықтайды. Олар әдетте таңертең бірнеше сағат, содан кейін түнде жұмысқа барар алдында бір сағат немесе одан да көп ұйықтайды. Түнгі жұмысшыларға күндіз ұйықтау қиын болуы мүмкін. Жалпы, күннің ортасында ұйықтау үшін қараңғы, үнсіз және салыстырмалы түрде салқын орта болуы керек.
Ағзаның түнгі ауысымда жұмыс істеуге бейімделуі үшін шамамен 10 күн қажет. Дегенмен, бұл ауысымдағы жұмысшылар демалыс күндері бір-екі күн күндізгі жұмыс режиміне қайтады, бұл циркадиялық ырғақты тұрақсыз етеді.
ТҮНГІ АУЫСЫМ
12 сағаттық ауысымдар ағзаға жеңілірек соғады. Дегенмен, 12 сағаттық ауысым кестесін өзгерту кезінде артық жұмыс істеуге жол берілмейтіні маңызды. Ұйқының тағы бір қаупі аптасына 12 сағаттық жеті ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшы бос уақытын басқа жұмысқа пайдаланғанда пайда болады. Кейбір түнгі ауысымдағы жұмысшылар күндізгі өзін ұйқылы-ояу сезінуі мүмкін.
А. Оралқызы