- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тұмаудан жазылуға көмектесетін...
Тұмаудан жазылуға көмектесетін сусындар
Күз мезгілінде тұмаумен ауыратын адамдардың саны артпаса, азаймайтыны анық. Сондықтан бүгін біз сіздердің назарларыңызға суық тиіп, тұмауға шалдыққан кезде көмектесетін сусындар туралы айтқымыз келіп отыр. Олар төмендегідей:
1. Бал және лимон қосылған жылы шай.
Егер сізге салқын тисе, ең алдымен 1 ас қасық бал және лимонның бір-екі бөлігін қосып, қара немесе жасыл шай жасап ішіңіз. Бірақ бал мен лимонды бірінші қайнаған суға салып қоймаңыз. Өйткені олар өз құрамындағы пайдалы элементтерді жоймау керек.
2. Жөке ағашының жапырақтарынан жасалған таңқурай шайы.
Жөке ағашының жапырақтарын кептіріп, оған кептірілген жеміс-жидектер мен таңқурай жапырағын қосып, шай жасаңыз. Болғаннан соң оны жарты сағатқа қалдырыңыз. Егер таңқурай жемісі болмаса, онда одан жасалған тосап та жарай береді.
3. Балмұрын шайы.
Балмұрын С дәруменінің қайнар көзі екенін бәріңіз де жақсы білетін шығарсыздар. Оның кептірілген және ұнтақталған түрінен 3 ас қасық алып, үстіне 0,5 литр қайнаған су құйып, термосты түнге қалдырыңыз. Сосын таңертең сусынды суытып, жарты стақаннан күніне 4 рет тамақтан 30 минут бұрын ішіңіз.
4. Мүкжидек және итбүлдірген морсы.
Мүкжидек пен итбүлдіргеннің адам денсаулығына пайдасы өте көп. Олардан морс дайындау үшін жемістердің сыртын тазалап, үстіне құмшекер қосыңыз. Кейін 2 ас қасық қоспаға 0,5 литр жылы су құйып ішіңіз.
5. Минералды су қосылған ыстық сүт.
Егер сізде жөтел басталса, ыстық сүтке сілтілі су (Боржоми) қосып, тұтынып көріңіз. Бұл сусын қақырықты түсіруге көмектеседі.
6. Сарымсақ қосылған сүт.
Бұл қоспа сізді бір түнның ішінде аяғыңыздан тік тұрғызады. Ол үшін жылы сүтке 10 тамшы сарымсақ шырынын тамызып, жатар алдында ішіп жатыңыз.
7. Кептірілген жемістерден жасалған компот.
Мұндай компот түрі барлығыңызға бала кезіңізден белгілі. Кептірілген жемістерден жасалған қайнатпа салқын тиген кезде күшті әсер етеді. 100 грамм кептірілген жемістерді сұрыптап, үлкендерін кесіп, жылы суға салып, жақсылап жуыңыз. Алдымен алма мен алмұртты шамамен жарты сағат жұмсарғанға дейін қайнатып, қант (1 литр суға 3 ас қасық) қосыңыз. Одан кейін өрік пен қара өрік, 5 минут қалғанда жүзім мен қақ өрікті салуыңыз керек. Дайын болған компотқа апельсин немесе лимон шырынын және бал қосуыңызға болады.
8. Лимон қосылған жанжабіл шайы.
Бұл шай түрі күз мезгілінде иммунитетіңізді нығайтып, жұмыс істеуге қабілеттілігіңізді арттырады. 1 стақан ыстық суды 1 ас қасық балмен араластырып, оның үстіне ұнтақталған жанжабіл тамыры мен даршынды қосыңыз. Сонымен бірге шайға үгітілген жалбыз жапырақтарын қоссаңыз да болады.
9. Глинтвейн.
Глинтвейн тұмаудың алдын алатын әрі дәмді, пайдалы, жаныңызды жылытатын сусын. Оны жақсылап араластырып, 100 мл су құйып, қайнағанын тосып, оттан алып, 10 минутқа қалдырыңыз. Сүзгіден өткізіңіз. Апельсинді дөңгелетіп кесіп, шарап, қайнатынды, қант және апельсин бөліктерін былғап, қайнағанын күтуіңіз қажет. Сонымен қатар гинтвейнге бал, алма, жүзім қосуыңызға болады. Бұл сусынды аяғыңызды жылы жерге салып, жатар алдында ыстық күйінде ішкеніңіз жақсы.
10. Түймедақ шайы.
Түймедақ – қабынуға қарсы көмектесетін дәрі-дәрмектің бірі. Оның жөке ағашының жапырақтарымен, балмен қосындысы тұмаудың алдын алады. Ал одан шай жасау үшін: 1 шай қасық түймедақ пен жөке гүлдеріне 1 стақан қайнаған су құйып қайнатып, 20 минут күтіп, сүзгіден өткізіңіз. Жарты стақаннан күніне 3 рет тамаққа дейін ішіңіз. Бал қосып ішсеңіз де болады.
Ж. Исакаев