Тұмаудан емделуге көмектесетін 10 сусын #2

Тұмаудан емделуге көмектесетін 10 сусын #2

Сүт пен сарымсақ

Суық тиген болса, аталған қоспа 1 күнде айығып кетуге көмектеседі. Жатар алдында жылы сүтке 10 тамшы сарымсақ суын қосып ішіңіз.

Кепкен жемістерден жасалған компот

Кепкен жемістерден жасалған қоспа тұмау кезінде иммунитетті қалпына келтіреді. Алдымен алма мен алмұртты 30 минут қайнатыңыз, үстіне қант қосып отырыңыз. Кейін өрік пен қара өрікті және әбден қайнап болған соң мейіз бен сары өрікті салыңыз. Дайын болған компотқа лимон немесе апельсин шырынын қосуға болады.

Лимон қосылған зімбір шәйі

Суық күнде иммунитетті көтеріп, жұмысқа деген қабілетіңізді арттырады. 1 стақан ыстық суға 1 ас қасық бал, 1 ас қасық лимон шырынын, 0,5 ас қасық зімбір тамырының ұнтағын және аз мөлшерде даршын қосыңыз. Бұдан өзге жалбыз жапырағын қосуға болады.

Глинтвейн

Мұны дайындау үшін сізге:

- 3 стақан алма немесе жүзім шырыны;

- ½ стақан су;

- 2 ас қасық лимон қабығының ұнтағы;

- 2 ас қасық апельсин қабығының ұнтағы;

- 1 алма;

- 1 ас қасық даршын;

- 1 ас қасық қалампыр;

- ¼ ас қасық бұрыш;

- ¼ ас қасық кардамон;

- ¼ ас қасық зімбір.

Дайындау тәсілі:

Кәстрөлге шырын мен су құйыңыз. Алманы тазалап, майдалап тураңыз. Барлығын шырынның үстіне салып, баяу отқа қойыңыз. Қақпағын жауып қайнатып, артынша отты өшірген соң 5 минутқа тұндырыңыз.

Аяғыңызға жылы шұлық киіп алып жатар алдында ыстықтай ішкеніңіз дұрыс.

Түймедақ шәйі

Мұны жөкемен, балмен араластырып ішуіңізге болады. 1 ас қасық түймедақ пен жөке жапырағын алып, 1 стақан суға қосыңыз. Артынша бұл қоспаны қайнатыңыз. Күніне 3 рет ішіңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай