Желтоқсанда тұмау мен суық тию көбейеді. Ыстық көтеріліп маза кетеді. Ыстықты түсіріп, тұмауды емдеудің оңай жолы, мамандардың айтуынша, үсті-басты ашып тастап, шешініп жату.
Одан да жақсысы – шешініп тастап суытқыштың (вентиллятордың) алдында отыру. Көрпе жамылып, ыстық күйде оранып жатудың орнына суықты пайдаланған тиімдірек. Дискомфортты жеңілдетуге, ыстықты тез түсіруге болады. Ал оранып жатқаннан маза қашады.
Ал мұрын бітелсе, спрей себе бергеннен гөрі бу ингаляциясын жасаған абзал көрінеді. Ыстық ауа мұрыннан су ағу мен шырышты тоқтатып, қақырықты сұйылтуға көмектеседі. Тамақтағы қақырықты түсіреді.
Ауырған адам терлегіш келетіндіктен, көбірек су ішуге, қант пен тұз жеуге тырысқаны абзал. Қант энергия береді, су ағзадағы инфекцияны шайып шығарады.