Тұмау дерті — дала ызғарын сездіре бастағаннан адамның бойына жабысып алатын аса қауіпті болмаса да, жағымсыз дерт. Бірақ, ауруға ем қолданбай, асқындырып алсаңыз, соңы өлімге әкеп соқтыратын ауруларды тудыруы ғажап емес.
Әлсіздік, дауыс ырғағының бұзылуы, мұрыннан судың тамшылауы тұмаумен ауыра бастаған адамның мазасын қашырып, төсекке қарай тартады.
Ал сіз осы белгілермен күресудің тиімді жолы массаж екенін естідіңіз бе?
Тыныс жолдары тарылса — кеңейтетін, басты ауру қысқанда — жазатын, мұрын қуысын тазалайтын “нүктелі массаждың” пайдасын көп адамдар біле бермейді. Нүктелі массаждың көмегімен қанайналым арқылы бойға оттегі көп мөлшерде тарайды. Егер тұмаудың алғашқы белгілері байқалса, жаттығудың көмегімен аурудың бетін қайтарып көріңіз.
Енді қолыңызды қатты сілкіп-сілкіп алыңыз. Бұл массаждан кейін қолда пайда болған ауыртпалықты түсіреді.
Еңкею жаттығулары
Тік тұрыңыз. Аяғыңыз иық деңгейімен бірдей, табан сәл алға жылжулы болсын. Терең дем алыңыз. Демді ішке тартқанда, арқаны тік ұстап, алға сәл еңкейіңіз. Енді денеңізді мына қалыпта ұстаңыз: қолдарыңыз алға созулы, омыртқа еденге параллельді орналасқан, арқа тік, мойын омыртқамен бір сызықта, дем іште (еркін тұру қиын болып жатса, орындыққа тіреліп тұруға болады). 10 секундтан кейін, денені бос жіберіп, бар демді сыртқа шығарыңыз. Келесі жаттығудың жағымды әсері бар. Төбеңізден әлдебір күш өзіне қарай тартып жатыр деп ойлаңыз: қолдарыңыз барынша жоғары көтерулі, денені тігінен созулы, демді ішке қарай тартыңыз. Қалыпты тұрысқа келгенде, демді сыртқа шығарып жіберіңіз. Басты оңға және солға сілкіп алғаннан кейін, терең дем алыңыз. Бұл жаттығу сергітеді.
Тыныс алуды реттеу жаттығулары:
Еденге немесе орындыққа арқаны тік ұстап отырыңыз. Оң қолыңызды мұрын тұсына перпиндикуляр етіп орналастырыңыз. Келесі қолдың сұқ саусағымен оң алақаныңызға күш түсіріңіз. Саусақ пен алақан арасында мұрын болады. Қатты салмақтың әсерінен мұрын қуысына да күш түседі. Осы қалыпта 10 секунд тұрыңыз. Кейін қолдарды алмастырып, бірнеше рет массажды орындаңыз.Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек көп. Бірақ, дәрілер ауруға ем болса, басқа мүшелерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, өз ағзағыңызға өзіңіз дәрі болып көріңіз. Жоғарыда ұсынылған жаттығулар кешені тыныс жолдарына өте пайдалы. Ал тұмау кезінде бұл жаттығулар — таптырмас ем. Бастысы, ерінбей, жаттығуларды жасай білу керек. Басты қағида: ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!
Суреттер homointeger.ru сайтынан алынған