Ерте жастан бәрімізге күніне екі рет – таңертең және кешке тістерімізді тазартуды үйретті. Біздің ағзамыздың көптеген мүшелерінің денсаулығы ауыз қуысының тазалығына байланысты. Мысалы, ауыз қуысындағы патогендік бактериялар асқазанға оңай еніп, гастрит, ойық жара және басқа да ауруларды тудыруы мүмкін. Тазаланбаған тістер жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысында ақау тудырып, аурулардың дамуына әкелетінін білесіз бе? Жақында Еуропалық кардиология қоғамы ауыз қуысының гигиенасы мен адам өміріне қауіпті жүрек ауруларының пайда болуы туралы мәліметтің шетін шығарды.
Алдыңғы ғылыми жұмыс барысында бактериялардың қанға түскенде ағзадағы қабыну процестерін тудыратыны анықталған еді. Егер, олар жүрекке қанмен бірге енсе, дененің ең маңызды мүшесін де қабындыруы мүмкін. Бұл қабынулар өз кезегінде өмірге қауіпті тұрақты емес жүрек соғуымен сипатталатын атриальды фибрилляцияны және жүректің қан айдау ырғағын бұзу ауруларын тудырады.
Тіс тазалығы жүрек жұмысына қалай әсер етеді?
Жүрек аурулары ауыз қуысының гигиенасына да байланыстылығын білу үшін ғылыми зерттеу авторлары тәжірибе жүргізген. Оған Кореяның ұлттық медициналық сақтандыру жүйесінің мүшесі болған 161 286 адам қатысқан. Қатысушылардың жасы 40 пен 79 жас аралығында болып, олардың ешқайсысы бұрын аритмия сынды жүрек ауруларымен ауырмаған.
Ең маңыздысы тіс арасына жіп өткізіп немесе тағы басқа тәсілдер арқылы тіс тазалаған кезде мұқият болу керек. Тісіңіздің арасына жіп өткізіп тазалау кезінде қызыл иегіңізді жарақаттап аласыз. Ал ауыз қуысындағы бактериялар қан арқылы жүрекке өтеді. Соның салдарынан біз жоғарыда айтқан атриальды фибрилляция сияқты жүрек аурулары туындауы мүмкін.
Бірақ алаңдауға негіз жоқ дейді зерттеушілер. Бүгінгі ақпарат пет технология жарық жылдамдығындай дамыған заманда алдағы онжылдықта тіс тазалау бойынша мәселелер шешіледі. Ғалымдар ауыз қуысынан микробтарды оңай тазартатын арнайы құралдар үстінде жұмыс жасап жатыр. Мысалы, 2019 жылы АҚШ-тағы Пенсильвания штатының ғалымдары тістерді оңай тазартатын ұсақ магниттері бар роботтардан тұратын сұйықтық ойлап тапқан.