Тісті үнемі жуып, ауыз қуысын сумен шайып жүрген адам соматикалық аурулардан аман болады. Бұл жайлы Америка кардиология қауымдастығы мамандарының зерттеуінде айтылған.
Мамандардың айтуынша, тісте, ауыз қуысында жиналып қалған бактерия ішке, яғни, қанға түссе, адам жүрек-қан ауруларына шалдығады. Тісті дұрыс жумаған соң, тістің қызыл иегі қанап, оның жырылған жері арқылы бактерия ішкі ағзаға түсіп кетуі мүмкін.
Ғалымдар мұндай гипотезаны 2000 жылдардың басында айтқан. Алайда оны растауға дерек те, зерттеу де жеткілікті болмады. 2012 жылы ғана Америка кардиология қауымдастығының мамандары зерттеу жасау арқылы жүрек ауруы мен тіс ауруының арасында байланыс барын анықтады.
Жүрек ауруын емдейтін дәрігерлердің айтуынша, құрт жеген, дұрыс күтілмеген тістің иегі арқылы бактериялар мен инфекциялар қанға түсіп, жүрек қақпақшасына қысым түсіреді. Мәселен, қызыл иектің қабынуы – пародонтит жүрек ауруын асқындырса, тісі түсіп қалған адам қан тамыры ауруына шалдығады.
Америка тіл дәрігерлер қауымдастығы тісті дұрыс жуудың келесі 4 кеңесін ұсынады:
- Күніне екі рет тіс жуу керек;
- Тісті 2 минут бойы жуу;
- Тіс щеткасы жұмсақ болуы;
- Фтор қосылған тіс пастасымен жуу.
Түсті үнемі жуып тұрған дұрыс. Алайда оған беріліп кетпеу керек. Тісті қайта-қайта жуа берудің өзі тістің эмалін құртып, түбі босап кетуі мүмкін. Мұны медицинада тіс рецессиясы деп атайды.