- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тісті бұзатын "пайдалы"...
Тісті бұзатын "пайдалы" тағам түрлері
Бала кезімізден тәттілер тісті бұзады деп өсіреді. Дегенмен, дәрігерлер тіске кәмпит пен торттан басқа пайдалы тағам түрлері де әсер ететіндігін айтады.
1. Кәмпиттер арасында карамель көш бастайды:
Карамельдің құрамында қант кәмпиттің басқа түрімен салыстырғанда көбірек. Сондықтан олар эмальдің шөгуіне әсер етіп, микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай тудырады.
2. Таңқурай, қаражидек, қарақат пен құлпынай:
Бұл жидек түрлері ағзаға қаншалықты пайдалы болса, соншалықты тіске кері әсерін тигізеді. Олардың құрамындағы қышқыл эмальді "жесе", табиғи бояғыштары тістің сарғаюына себеп болады.
3. Кептірілген жемістер:
Кәмпиттер секілді кептірілген жемістер қантқа бай, оның үстіне оларды шайнау өте қиын. Тіс арасында қалатын қалдықтары бактериялардың тууына алып келеді.
5. Шай немесе кофе:
Бұл сұйықтықтардың тіске зияны бұрыннан айтылады. Қара шай мен кофеде де тістің сыртқы келбетіне әсер ететін бояғыштар бар. Одан бөлек, кофе денедегі кальцийді шайып жібереді. Ал, кальций – тістің басты элементі.
6. Шарап:
Шарап құрамында адам ағзасына пайдалы полифенол бар. Бірақ, эмальдің қас жауы да – полифенол. Олар тістің сарғаюына себеп болады. Одан бөлек ауыз қуысындағы қышқылды-сілтілік ортаның бұзылуына әкеледі.