Тісіңіздің маржандай ақ болғанын қаласаңыз, міндетті түрде бағасы қымбат мамандарға барудың қажеті жоқ. Өзіңіздің үйіңізден табылатын қарапайым тағамдарды тұтыну арқылы да тіс ауруларынан құтылып, тісіңізді ағарта аласыз. Ал сіздің күлімсірегеніңіз жүзіңізді жадыратып, жаныңыздағы жандарға жақсы әсер қалдырады. Сондықтан мына кеңестерге назар аударыңыздар.
1. Құрғақ сүт.
Кептірілген сүт ұнтағы тісіңіздің ағаруына көп көмектеседі. Сонымен қатар оның құрамындағы кальций қызыл иек пен тісті қатайтады.
2. Бүлдірген.
Бүлдірген шырыны да тісті ағартып, тынысыңызды тазартады.
3. Зәйтүн майы.
Зәйтүн майы мен күнжіт майы тісіңізді тамаша тазалап, түрлі тіс ауруының алдын алады.
4. Сода мен лимон қышқылы.
Сода мен лимон шырынының қоспасы бір қолданғаннан-ақ тісіңізді жылтыратады.
5. Қызылмия.
Қызылмия өсімдігі құрамы жағынан сағызды еске түсіреді. Онымен тек тісіңізді тазалап қоймай, қызыл иек ісігінің де алдын аласыз.
6. Иіржапырақ, ешкіжапырақ, жалбыз.
Мұндай шипалы шөптердің қайнатпасымен тісіңізді күнделікті шайып тұрсаңыз, тіс ауруларына төтеп бересіз.
Бұл қағидалар сізге тіс ауруларын ұмыттырып, күлімдеп жүруге көмектеседі. Тісіңіздің айнадай жарқырап тұрғанын қаласаңыз, бұл кеңестерді естен шығармаңыз.
Сурет: domskidok.com
Ұқсас жазбалар:
Тіс ауруларының алдын алу
Тісіңіз ауырса
Брекет тағу мен оны күтудің жолдары