Тіс ерекше күтімді қажет етеді. Қашан ауырғанша, сыздап маза бермегенге дейін жүре беру – қателік. Қателіктің алдын алу оған зиян тағамдар мен сусындарды аз тұтынудан басталады. Олар нелер?
♦ Суық пен ыстық
→ Тіс эмалін құртады, нәтижесінде сызат түседі
→ Қайнаған су ауыз қуысы мен өңештің шырышты қабығын күйдіріп, тіске де зиян келтіреді
→ Қатты суық су тістің эмалін зақымдайды
♦ Кофеин
→ Ағзадағы суды азайтады
→ Дәрумендер мен минералдардың сіңуіне кедергі келтіреді
♦ Тәттілер
→ Сілекейдің құрамына әсер етеді
→ Кальцийдің сіңуіне кедергі келтіреді
♦ Тәтті сусындар
→ Құрамында қант мөлшері көп болады
→ Тісжегі мен қабыну процестерін тудырады
♦ Қуырылған жаңғақ пен шемішке
→ Қуыру кезінде пайдалы майлар зиянды заттарға айналады
→ Шемішкенің қабығын тіспен шаққанда тістің эмалі зақымданады
♦ Кептірілген жемістер
→ Құрамында қант мөлшері көп
→ Тіске жабысып, тұрып қалады