Тіс тазалығы – денсаулықтың кепілі болатын басты факторлардың бірі. Өткен ғасырларда біз қолданып жүрген тіс пасталары, щеткалары, шайғыштары және спрейлері болмағаны айдан анық. Бірақ, тазалық үшін әр елде әртүрлі сипатта қолданылған. Қандай екен?
Тіс пастасын біздің дәуірімізге дейін сонау Ежелгі Египетте де қолданған екен. Ол біздің ұғымымыздағы паста емес, ұнтақталған түрлі ас тұзы, жалбыз, бұрыш пен сарыгүлден жасалған. Ал алғашқы тіс щеткалары да қазіргі бізге мәлім щеткалардай емес, мүлдем басқа түрде болған. Мысалы, Шығыс халықтары ауыз қуысын тазалау және залалсыздандыру мақсатында гигиенаның барлық талабына сай ерекше тамырды пайдаланған. Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” деп аталған. Ал, Қытайда тісті шөп түйінімен тазаласа керек. Уақыт өте келе, Ежелгі Үндістан, Қытай, Жапония елдерінде тіс тазалағыштың шөп түйінін алтын немесе күміске алмастырған, бұл қолданушылардың атақ-дәрежесін көрсеткен. Бертін келе тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісін ағылшын Уильям Эдис 1780 жылы бастаған. 1850 жылы жеке өндірушілер ғана тіс щеткасын жасап шығарған, ал жаппай өндіру тек отыз бес жылдан кейін басталды. Бұл өндірісті Ресейден алынған шошқаның жуан қылтанынан, ал сабынды сүйектен жасаған. Бірақ, бұл өнім көпке бара қоймады. 1938 жылы 24 ақпанда жануар қылтанын синтетикалық талшық – нейлонға алмастырып, тіс щеткасын Oral-B компаниясы жасап шығарды. Америкалық өндірушілердің айтуынша, тіс щеткасын өндіру көлік, ұялы телефон, қысқатолқынды пеш секілді тұрмыстық бұйымдарды өндіру тізімінде бірінші орында тұр. Сондай-ақ, тіс тазалығы туралы тағы бірер қызық ақпар:
– І Петр өз кезінде боярларға тістерін ұнтақ бор жағылған дымқыл шүберекпен тазалауға бұйрық берген.
– АҚШ-тың Провиденс қаласында сенбі күні тіс щеткаларын сатуға заңмен тыйым салынған.
Сурет: startsmile.ru