- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тіс тазалау кезінде...
Тіс тазалау кезінде үнемі қайталайтын қателіктер. Стоматолог кеңесі
Тістеріңіздің сау қалпын жақсы сақтау үшін үнемі тазалап қана қоймай, белгілі бір гигиеналық ережелерді сақтау керек, деді тіс дәрігері Ксения Климова Gazeta.Ru-ға берген сұхбатында. Толығырақ Massaget.kz тілшісінің материалында.
Маман үнемі қайталайтын осындай зиянды қателіктердің бірі ретінде таңғы ас алдында тіс тазалау әдетін атады. Оның айтуынша, таңғы астан кейін тамақ тістің арасына тұрып қалып, ауыз қуысында бактериялар көбейеді. Сондықтан тіс дәрігері тамақ ішпей тұрып емес, ішкеннен кейін тісіңізді жуған дұрыс дейді.
Климова сонымен қатар адамдардің көпшілігі кешкі уақытта тіс тазалауды еренсіз санайтынын айтты. Дегенмен, түнде бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін ұйықтар алдында тістеріңізді мұқият тазалау керек.
Дәрігер тіс дәрігерімен кеңесу кезінде тіс щеткаларын дұрыс таңдауды ұсынды және щеткаларды үш-төрт ай сайын ауыстырып отыру керектігін еске салды.
Д. Литпин"Көптеген адамдар тістерін күту кезінде тек тіс пастасы мен щетканы ғана қолдануға болады деп ойлайды, бірақ бұл жеткіліксіз. Ауыз қуысын жиі тазаламасаңыз, онда көптеген бактериялар жиналады. Сондықтан күтіміңізге тіс жібі мен ирригаторды да қосу керек", - деп қосты Климова.