- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тіс ауырғанда үйде...
Тіс ауырғанда үйде ем жасау
Тіс ауырса дәрігерге жеткенше шыдаудың өзі қиын. Тіс дәрігеріндегі кезек жөнінде сөз қозғамасақ та болады. Егер баланың тісі ауырса не істейміз?
Бала тамақ жеп отырғанда кенеттен «тісім-ай» деп ыңылдай бастаса, ауыз қуысына үңіліп, тісіне тұрып қалған тамақ қалдығын тексереміз. Қажет болса, қолшам жағуға болады. Расында тіс қуыстарына тамақ қалдығы тұрып қалған себепті ауырған болса, аузын сумен шайып, пастамен жуса дереу ауырғаны басылады.
Баланың ауызын тұз қоспасымен шаюға болады. Бір стақан суға тұз және ас содасын қосып, ауызды бірнеше рет шайса, ауырғанды жеңілдетеді.
Баланың қызыл иегі ісінбеген болса, ауызды жай ғана жылы сумен шаюға болады. тіс эмальдің шытынауынан ауырса, жылы су ауруды бәсеңдетеді. Ауырғаны басылғанша жылы сумен шаямыз.
Бала не жейтінін қадағалаймыз. Зақымданған тісті ауыртатын қатты тағамдар, өте ыстық және тым суық азық ішіп-жемеуін бақылаймыз. Тағамдар мен сусындар мүмкіндігінше бөлме температурасымен тең болғаны жөн.
Тіс қызыл иегінің қабынуына тәттілер де себеп болады. Мұндай жағымсыздықта бала тамағына қыша, сіркесу, бұрыш, тұз секілді ащы дәмдеуіштер қосып беруге болады.
Дәріханадан қалампыр майын аламыз. Оны суға езіп, ауызда шайқаймыз. Балаға аспирин секілді үлкендерге арналған дәрі беруге болмайды.
Баланың тісі жиі ауыратын болса, жеңіл жолы сол болса да, арнайы шашатын дәрі-дәрмекті қолданбаңыз. Сол сәтте дереу тыныштандырғанымен, кейін өзге ағзаларға зиян тигізетін болады.
Халық емінде тіс ауырса, сарымсақ қолданады. Оң жақ тіс ауырса сол қолға, сол жақ тіс ауырса оң қолдың білегіне қабығынан тазартылған бір тал сарымсақты таңып қоямыз.
Қандай емдер жасау керегімен таныс болдыңыздар. Осылардың ішінен өзіңізге қолайлысын таңдап алыңыз. Бала сәл тынышталғаннан кейін ауруын мүлдем ұмытып кетуі үшін сүйікті кітабын оқып беріп, ертегі айтып, мультфильм көрсетіп, бірге ойын ойнап көңілін аулаңыз.
Тағы бір ескере кететін жайт, баланың сүт тістері түскен кезде, орнына шығып келе жатқан тіс түзу шығуы үшін қызыл иегін жаламауын қадағалаңыз.
@. @assel_assanova