- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тірліктегі «жан алғыш»...
Тірліктегі «жан алғыш» төрт мезгіл
Өлім-жітімнің, түрлі аурулардың және адам денесіне аяқ асты келер қатердің де өз сәті болады. Бұл сәттерде қатер мен ару көп болатыны тағы белгілі.
- Бір күндегі «жан алғыш сәт».
Таңғы ұйқыдан тұрғаныңызда бір күндегі алғашқы «жан алғыш сәтке» енесіз. Таңғы алты мен тоғыз аралығы. Бұл мезгіл жүрек ауру мен миға қан құйылудың көп кездесетін кезі. Жүрекке таңғы 7-8 шамасында қан жетіспей қалады екен. Ал жүрек ритімінің қалыпсыздығы таңғы 6 мен 9 аралығында көп кезігеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінде жүрек бұлшық етінің буылуынан көз жұмған 4769 адамның көбі осы мезгілде қайтыс болған. Бір күндегі жан алғыш сәттің енді бірі – ақшам мезгілі. Бұл кезде жүрек ауруының қозуы ең жоғары белеске жетеді. Алаң-елеңдегі бұл қатерлі мезгілде қан қысымы мен дене температурасының төмендеуі, қан айналысының баяулауы, қан қоюлық, қан аздық сипатты миға қан құйылу ең көп туылады екен. Халқымыздың «Кешке қарай ұйықтама» деген тыйымының да негізі бар деген сөз.
- Бір аптадағы «жан алғыш күн»
Бір аптаның ішінде дүйсенбі күні жүрек-ми қан тамырлары ауруларының қатерлі сәті саналады. Жүрек-ми қан тамырлары ауруының қозуы және одан жан тапсыру қатері өзге күндегіден 40% жоғары болады екен. Сондықтан да Германия медицина саласы бұл күнді «Түнек дүйсенбі» деп атаған.
- Бір айдағы «жан алғыш мезгіл»
Бір айдағы адам өміріне қатерлі мезгіл көне ай есебі бойынша ай ортасы саналады екен. Мұның астрономия саласымен қатысы бар. Айдағы тартылыс күшінің жоғарылауы оның толған кезіне тура келетінін біраз жұрт жақсы біледі. Теңіз суын өзіне тартып, тасытқаны секілді оның адам денесіндегі сұйықтықтарға да айтарлықтай әсер ететіні дәлелденген. Көне жыл есебіндегі әр айдың ортасы адам денесіндегі қан қысымын төмендетіп, қан тамырдың іші мен сыртындағы парық зорая түседі. Бұл кезде де жүрек-ми қан тамырлары аурулары оңай туылады. Бағзы адамдардың ай толғанда жалбарынып, сиынуының бір негізі осында жатса керек.
- Бір жылдағы «жан алғыш кезең».
Бір жылдағы жан алғыш сәттер ең суық және ең ыстық мезгіл. Жәй сөзбен айтқанда, жазды күні күн ысыған сәтте адам денесіне қатер ең жақын болады. Қыс және көктем мезгіліндегі суық ағыс шілденің ыстығынан кейінгі «жан алғыш» сәт.
Әр жолы суық түскенде ауруханаға түсетіндер мен жан тапсырушылар көбейеді. Бір жылдағы ең қатерлі ай – желтоқсан айы екен. Бұл кездегі көз жұмғандар басқа айдағылардан артық болып, бүкіл өлім-жітімнің 10.4%-ын иелейді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек