1. Нан
Тоңазытқышта тұрған нан тез арада кеуіп, құртылып кетеді. Ал егер сырты жабылатын қораптың ішіне салып қойсаңыз, онда наныңыз сол күйі сақталады.
2. Құрамында су мөлшері көп көкөніс. Мысалы: қызанақ, қияр, асқабақ, баялды.
Жылусүйгіш көкөністі бөлме температурасында сақтаған дұрыс. Ал басқа жағдайда олар өз дәмін тез жоғалтады.
3. Картоп.
Өте төмен температурада картоп крахмалы қантқа айналады. Оны қағаздан жасалған қаптамаға салып, қоймаға қойыңыз.
4. Шоколадтар мен кәмпиттер.
Шоколадтар мен кәмпиттердің үстінде конденсат болады. Ол дегеніміз - қанттың кішкентай түйіршіктері бар сұйықтық. Оны тоңазытқышқа салсаңыз, тәттінің сапасы да, дәмі де нашарлайды.
5. Цитрустік, анар, құрма және сол секілді экзотикалық жеміс-жидек.
Бұл жеміс-жидекті тоңазытқышқа саларда абай болуыңыз керек. Ал реті келсе мүлдем салмаған дұрыс. Өйткені олардың орны - шкаф сөрелерінде.
6. Жуа мен сарымсақ.
Сарымсақ пен жуаны тор қапшыққа салып, қараңғы жерге қойғаныңыз абзал.