Қайнатылған күрішті суытып, тоңазытқышқа салып біраз уақыттан кейін жесе, ағзаға тигізер пайдасы молаймақ. Әсіресе, қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Осылай дейді қытай зерттеушілері.
Мамандардың айтуынша, күрішті суытып сақтаған кезде құрамындағы крахмалдың көлемі көбейіп, денсаулыққа пайдалы тұсы артады.
"Тұрақты крахмал баяу қорытылады. Асқазан ұзақ уақытқа дейін тоқ жүреді. Қанда қанттың көбейіп кетуі болмайды. Семіздікке әкелмейді. Тоқтық гипертония не диабетке шалдыққан бар адамдарға өте қажет", - дейді Sina порталына пікір білдірген мамандар.
Сондай-ақ суық күріштің ағза тигізер тағы бір пайдасы – иммунитетті күшейтуге көмектесетіні. Ішектегі бактериялар тұрақты крахмалды тұтынғанда май қышқылын бөліп, бұл өз кезегінде ішек флорасының жақсаруына ықпал етеді. Содан иммунитет күшейіп, ағзаның патогенді заттармен, қатерлі жасушалармен күресі жақсарады.
Күрішті суытып, тоңазытқышқа салыңыз. Сонда 24 сағат бойы тұрсын. Осы уақыт бойы тұрақты крахмал жиналып, максималды деңгейге жетеді.