Медицина ғылымы дамымай тұрып-ақ адамзат баласы денсаулықтағы ақауларын түрлі тәсілдермен анықтаған. Мәселен, терінің, көздің, тырнақтың, тілдің түсінің өзгеруінен адамдар бірқатар ауру түрлерін ажырата білген. Әсіресе, тіл түсінің өзгеруі сіздің денсаулығыңыздан көп сыр шертеді. Қалай дейсіз ғой? Айтайық...
Айнаның алдына тұрып, тіліңізді шығарып көріңіз де жақсылап қараңыз, жұмыр ма әлде бүдірлі ме? Түсіне де мән беріңіз, қызғылт па, қызыл ма әлде ақ па? Бәлкім, тіліңіз жарылып кеткен шығар.
Әдетте, сау адамның тілі қызғылт түсті, беті бүдірлі болып келеді. Ал, егер тілдің бетінде ақ немесе сары қабат болса, сондай-ақ, жарылып кеткен болса онда сізге дереу дәрігерге көріну керек. Өйткені, бұл ағзадағы В12 дәруменінің, темірдің, фолий қышқылының жетіспеушілігінің белгісі немесе қанның аздығы. Ал, тілде жара болса, онда денсаулықта Крон немесе колит (тоқішектің қабынып ауыруы) ауруы бар деген сөз.
Тілдің сыртқы көрінісінен ағзадағы сұйықтықтың азайып кеткенін де анықтауға болады. Қысқасы, тісіңізді жуған кезде щеткамен тіліңізді де тазалауды ұмытпаңыз. Бұл біріншіден, денсаулығыңызға пайдалы, екіншіден, ауыздан жағымсыз иіс шығармайды.
Дереккөз: baq.kz