Дәрігерлердің айтуынша, егер әрбір адам тек ауырғанда қаралмай, жыл сайын медициналық тексерістен өтуді әдетке айналдырса, олар көптеген аурулардың алдын алатын еді. Бұл ракқа да қатысты. Қазіргі дамыған заманда онкологияның бастапқы стадиялары емделеді. Сондықтан да ағзада не болып жатқанын бақылап отыру маңызды. Хирург-онколог Иван Карасев Doctorpiter порталына қандай белгілерге аса мән беру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кливленд клиникасының медицина ғылымдарының докторы және дәрігер Брайан Беркли қатерлі ісікті ауыздағы сезімге қарай қалай анықтау керегін айтты. Ол бұл қауіпті аурудың бірнеше белгісін айқындады және мен онымен келісемін. Диагностиканы үйде де жасауға болады", - дейді Иван Карасев.
Ауыз қуысы жағдайына мән беру керек. Ондағы өзгерістер ауыз-жұтқыншақ қатерлі ісігін немесе басқа да қатерлі жаңа түзілімдерді көрсетуі мүмкін.
Сізді мына белгілер алаңдатуы керек:
- Екі аптадан ұзақ уақыт кетпейтін ауыздағы ауырсыну;
- Екі апта бойы мазалап жүрген шырыштының қанауы;
- Кетпейтін мойын ісінуі;
- Беттің немесе тілдің ісінуі;
- Ауыз қуысының түссізденуі: шырыштының бір бөлігі ағара түскенін байқауыңыз мүмкін;
- Тілде күмәнді дақтың пайда болуы;
- Тамақта бірдеңе тұрып қалғандай сезім;
- Дауыстың өзгеруі.
Маңызды! Егер бұл белгілердің кейбіреуін өзіңізден байқасаңыз, уайымға салынбаңыз. Дәрігерге қаралыңыз. Бұл белгілерді тек онкология емес, басқа да жағдайлар, мысалы, емделмеген тісжегі де тудыруы мүмкін. Алайда себебін анықтап, проблеманы жою керек.
Ескерту: өздігінен емделу қауіпті және диагнозды тек дәрігер қояды.
Отырсаңыз құйымшағыңыз қатты ауырады, ал кейде тіпті, тұрсаңыз да, жүрсеңіз де ауыра ма? Ол не үшін ауырады және оның ішінде қауіпті себептер бар ма? Мына жерден оқыңыз.