Психолог мамандар адамдардың 30%-ы жылына бір рет болса да ұйқысыздыққа ұшырайтынын анықтады. Сол себепті біз бүгін сіздердің назарларыңызға тезірек ұйқыға кету үшін не істеу керектігін айтқымыз келіп отыр.
1. Жатар алдында бір ас қасық бал араласқан бір стақан жылы сүтті асықпай отырып ішіп алыңыз. Сонда сіздің ұйқыңыз сәбидің ұйқысындай тыныш болады.
2. Жалбыз, түймедақ, қырмызы, итошаған, жөке секілді гүлдердің қайнатпаларын сумен араластырып ванна қабылдаңыз. Немесе жаужапырақ пен лаванда гүлінің бірнеше тамшы майын тамызыңыз. Судың температурасы 37 градустан жоғары болмау керек.
3. Түймедақ, ащы жалбыз, балмұрын гүлдерінен шай демдеп ішіңіз. Сонымен қатар 4-5 тамшы жалбыз, тау жалбызы, шүйгіншөп сірке суларын салқын сумен араластырып тұтынуыңызға болады.
4. Көзіңіздің үстіне ақшыл көк түсті мата қойып жатыңыз. Бұл түс тезірек ұйқыға кетуге көмектеседі.
5. Ағылшындардың дәстүрлі қағидасы: сүт қосылған бір шыныаяқ шай мен іш пыстыратын кітап оқыңыз.