Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйқыға кетуі керек. 4-10 сағат ұйықтаса қалыпты болады. Ал ұйқы қашу бір айдан артық уақыт жалғасса, әр аптада кемінде 3 рет ұйықтай алмай жүрсеңіз немесе түнде оянып кеткесін қайта ұйықтай алмай қойсаңыз, жұмыста қалжырап, рухыңыз серпілмей, жұмысқа зауқыңыз соқпаса, онда сіз ұйқысыздық ауыруына шалдыққан боласыз. Алдын алу және емдеу үшін уақытында демалу, жұмысқа уақытында шығып, уақытында түсу, кеш кірген соң миды шаршататын, тітіркендіретін ой еңбегімен шұғылданбау, өз-өзін тыныштандыруды, бойды бос ұстауды үйрену, түнде қою шай, кофе ішпеу, шалқадан жатып кітап оқымау керек.
Төменде тез ұйықтаудың бірнеше әдістерін көрсетейік:
Жатар алдында аяқты жылы сумен жуу немесе табанды саусақпен 90-100 рет ақырын тарау қажет, осылай болғанда қан айналысы тездеп, тыныс жол жүйесі ашылады; Ұйықтар алдында екі қолмен құлақтың сырғалығын ақырын уқалау, сырғалықты уқалағанда жүректің соғуы баяулап, өне-бой балбырай бастайды; Жатын орынға малдас құрып отырғаннан кейін шалқайып бір минут тұру керек, сосын аяқты көсіліп бұлшық етті бос ұстап, бір қалыпты тыныс алса, ұйқы тез келеді; Жатар алдында суытылған қайнаған су ішу немесе бір шыны сүт ішу қажет.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: rayli.com