- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тез қартаймаудың 5...
Тез қартаймаудың 5 қарапайым әдісі
Қазір елдің бәрі сұлулық пен өзін күтуге мән беретін болды. Бірі боянып, бет-денесін әрлеумен айналысса, енді бірі фитнес пен спортзалға барып, денсаулығын жөндеуге тырысады. Қалай десек те, денсаулық сақтау мен жастықты ұстап тұру бір-бірімен тығыз байланысты.
Ендеше жастықты сақтаудың жолдары қандай екен, соған тоқталайық.
Бірінші жолы – су ішу
Мамандардың айтуынша, жастықты сақтаудың ең оңай жолдарының бірі – бұл көбірек су ішу. Күніне адам 1,5-2 литр су ішуі керек. Суды таңертеңнен бастап ішу керек. Тамаққа дейін 40-60 минут бұрын жылы су ішсеңіз, ағзаға пайдасы мол болмақ.
Екінші жолы – гимнастика
Бетке гимнастика жасау. Оны жасаудың жолдары да, түрлері де көп. Фейсбилдинг, фейслифтинг деп жатамыз. Бұлар беттің терісін тартып, ісік пен әжімдерді кетіреді.
Үшінші жолы – бетті ылғалдандыру
Таңертең және кешке бетке жақпамай жағып, маска жасауды әдетке айналдырған жөн. Тері майлы болса да бәрібір ылғалдандыру керек.
Төртінші жолы – дұрыс тамақтану
Дұрыс тамақтану дегеніміз құнарлы, нәрлі тағамдарды жеу. Көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтынуды әдетке айналдыру. Ақуыз, май мен көміртегін баланста ұстау қажет.
Бесінші жолы – дұрыс демалу
Яғни, ұйқыны қандыру. Адам күйзелісте жүрсе, тері де нашарлап кетеді. Адам ұйықтағанда ғана тері өзін-өзі қалпына келтіріп, жай-күйі жақсармақ.
Қ. Слямбек