- Негізгі бет
- Денсаулық
- Терлеу арқылы емделуге...
Терлеу арқылы емделуге болады. Қаншалықты рас?
Денеңіздегі артық заттардан құтылу үшін жақсылап терлеу керек дегенді жиі естиміз. Бірақ, ол қаншалықты рас?
Иә, терлеу арқылы денеміздегі тек кейбір зиянды заттар ғана сыртқа шығады. Мысалы, зерттеу нәтижесіне сүйенсек, тердің құрамынан ауыр металл иондары мен пластмассада кездесетін химиялық зат бисфенол А табылған.
Science-Based Medicine ғылыми сайтының редакторы, АҚШ әскери-әуе күштерінің дәрігері Харриет Холл: «Сауна, монша секілді тер бөлу арқылы демалатын орындардың пайдасы ғылымда дәлелденбеген», – дейді.
«Тердің 99%-ы судан турады. Ал, оның құрамындағы металл концентрациясы өте аз. Денедегі токсиндерді көп бөлігі бауыр мен бүйрек сыртқа шығарады»
Ағзасында ауыр металл иондары көп адамдар үшін медикаментоздық ем керек. Ал, тер арқылы бөлінетін токсиндердің адам ағзасына тигізер зияны жоқ. Сондықтан, ауруды терлеу арқылы емдеймін деген түсініктен құтылыңыз.
Т. Есқали