Теңіз орамжапырағының құрамына аминқышқылдар, альгинаттар, көп қанықпаған май қышқылдары, дәрумендер, макро және микроэлементтер кіреді. Қарапайым қырыққабатпен салыстырғанда теңіз қырыққабатында фосфор екі есе көп болады. Сонымен қатар магний – 11 есеге, темір – 16 есеге, натрий – 40 есеге көп.
Ежелгі Қытай мен Жапон елінің дәрігерлері бұл көкөністі шаршап, қалжырап қалған адамның күш-қайратын тез арада қалпына келтіру үшін қолданған. Оған қоса ғалымдар теңіз орамжапырағын жиі тұтынатын адамдардың қанайналымы да жақсаратынын анықтады. Қан тамырларын бітеп тастайтын қан ұйығы, етеккірлік қан ағу кезінде көмектеседі.
Бұл қырыққабат ішектеріңізге де септігін тигізеді. Оны іш қату кезінде көп қолданады. Себебі ішті босатуға керемет әсер етеді. Сол үшін су астындағы өсімдіктерді диеталық қоректену барысында тұтынған дұрыс. Өйткені одан артық салмақ қосу мүмкін емес. Энергетикалық құндылығына тоқталатын болсақ, 100 грамм қырыққабатта – 350 ккал, 12 грамм ақуыз, 70 грамм көмірсу және небары 0,5 грамм май болады.
Бұл орамжапырақ теңіз тереңдігімен қош айтысқаннан кейін термиялық өңдеуге түсіп, кебеді. Алайда ол өзінің ылғалдығын жойғанмен, дәрумендер мен микроэлементтер толық сақталады. Оны көбіне – 15... - 18 градус температурада ұстаған жақсы.
Теңіз орамжапырағын қалай таңдайды?
Бірнеше бірдей салаттың ішінен әйнек қаптамада тұрған балдырға мұқият назар аударыңыз. Сонда сіз оны жақсылап қарай аласыз. Егер орамжапырақ қоймалжың болса, оны сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені ол бүзылып кеткен болуы мүмкін. Затбелгісіне де мән беріңіз. Ең аз қосындысы бар түрі ғана пайдалы болып есептеледі. Тіпті бір қосынды болса да жеткілікті. Мысалы Е-211. Ол денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен қосылған консервант. Жарамдылық мерзіміне де қараңыз. Егер орамжапырақ 0 С пен +4 С температурада сақталса, онда оның ғұмыры қысқа деген сөз. Шамамен 48 сағатқа ғана шыдайды. Сол секілді 0 С до -4 С тұрса - 72 сағатқа, от -4 С... -12 С болса – 10 күнге, ал жоғарыда айтылғандай -18 градуста сақталған болса, 30 тәулікке дейін жарамды болады.
Теңіз қырыққабаты құрамындағы дәрумендердің сізідң денсаулығыңызға пайдасы:
А, С, E дәрумендері – қартаю процесін баяулатып, иммундық жүйеңізді реттейді.
D дәрумені – ағзаңызға кальций мен фосфорды қабылдауға көмектеседі.
B1, B2 дәрумендері – зат алмасу процесін қалыпқа келтіріп, күш-қуатыңызды арттырады.
B6, PP дәрумендері – жүйке жүйеңізді тыныштандырып, шашыңыздың, тырнағыңыздың дұрыс өсуіне кепіл береді.
Микро және макроэлементтер:
Na, К – қышқылды-сілтілік және су теңгеріміңізді сақтайды.
Ca – кальцийсіз сүйектеріңіз бен тістеріңіз сынып, түсіп қалады.
Mg – магний жетіспесе, ұйқысыздыққа ұшырап, әрдайым әлсізденіп, остеопороз, бас ауруы, жүрек соғуының ырғақсыздығы секілді ауруларға шалдығасыз.
I – йод қалқанша безінің дұрыс қызмет етуін көмектеседі. Оның жетіспеушілігі эндемиялық жемсау, меңіреулік, гипотереоз секілді ауруларға әкеліп соқтарады.
Cl – хлор, кальций және натрий элементтері су-тұз алмасуын реттейді.
Егер теңіз орамжапырағының дәмін ұнатпасаңыз, онда зорлықпен жеудің қажеті жоқ. Оны дайын бірінші немесе екінші тағамдарыңызға 1 шай қасық кептірілген бұл көкөніс түрін салып жеңіз. Сонда дәмі де керемет, пайдасы да көп болады.