- Негізгі бет
- Денсаулық
- Темекісіз өмір –...
Темекісіз өмір – көңілді өмір
Егер сен темекі шегетіндердің қатарында болсаң, мына жазбаны оқып шыққаның дұрыс, ал егер жаман әдетің жоқ болса, достарыңа ескертуіңді сұраймын.
Жақында ғана британдық The British Journal of Psychiatry журналы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, темекіге әуес адам уайымшыл болып келетіні анықталған. Егер жүйке жүйесі дұрыс жұмыс жасасын десек, бұл дәлелмен санасуымыз орынды.
Зерттеуге 490 адам қатысқан. Тіпті оның басым бөлігі жаман әдеттен арылу үшін арнайы клиникаларға барып жүргендер болып шықты. Мамандар арнайы психологиялық тесттер арқылы олардың қобалжуын бақылаған. Зерттеу екі мәрте қайталанғанда да дәл осы нәтиже шыққан екен.
Мұның үстіне, темекіні әзер қойған 68 адам байсалды бола бастағанын айтқан. Олар тіпті қашан ұрысқанын еске түсіре алмапты.
Бір қарағанда бұл зерттеудің ешқандай да жаңалығы жоқ. Бәріміз де никотиннің адам жүйкесіне ғана емес, жалпы ағзасына кесірін тигізетінін білеміз. Ал философия ғылымдарының докторы Мартин Макдермотттың айтуынша, темекіні қобалжып тұрғанда шегетіндер көп екен. Ал бұл керісінше, оның қобалжуын және уайымын еселей түсетіні дәлелденген.
Темекіні қою үшін мамандар спорт залдарына көп бару керектігін айтады. Ал ағзадағы токсиндерді шығару үшін көп су ішу керек екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: adme.ru
А. Құлтай