Темекі шегетін адам бір сәт қою туралы ойланып көрген де болар. Себебі оның құрамындағы заттар адам денсаулығына аса қауіпті.
"Қалайда темекіні қоямын", "Осы соңғы темекім", "Ертеңнен бастап шекпеймін" деп жүргендер қаншама. Өзіне берген уәдесінде тұрып, темекі шегуін шектеген жандар да жоқ емес. Дегенмен темекімен біржола қош айтысқаннан кейін де ағзаға күтім керек.
Тәжірибелі дәрігерлердің айтуынша, темекі шегуді қойған күннен бастап үш айға дейін ағзаға сырттан көмек қажет екен. Ол қандай көмек? Барлығы қарапайым ғана.
• Ең бірінші – ұйқы уақытын ретке келтіру керек. Уақытылы тынығу жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.
• Екіншіден физикалық белсенділік қажет. Ағзадағы зат алмасуды реттестіреді.
• Үшіншіден суды көбірек ішу керек екен.
Темекі шегуді қойғаннан кейін адам аз уақыт күйзеліске ұшырауы мүмкін. Мұндай да өзіңді жігерлендіріп, алға қойған мақсатың айқын екенін дәлелдеуің қажет. Салмақ қосуың да мүмкін. Ол үшін спортпен шұғылданып, күнделікті жүгіруді әдетке айналдырған абзал.
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, бір жыл ішінде ағзаңыз қалыпқа келгенін айқын аңғарасыз.