Көп адам ұннан жасалған тағамдардан және түрлі тәттіден бас тарта алмайтынын айтып шағымданып жатады. Соның салдарынан қант диабеті, артық салмақ, күйзеліс сынды кеселдерге ұшырап, қиналып жүреді. Күйзеліске түсіп, бақыт гормондары азайған сайын орнын тәттімен толтырып, көңілімді көтеремін деген ой да қате, керісінше, зардаптың үстіне зардап жамала түседі. Ал мына ақпаратты оқығаннан кейін, бәлкім, өздігіңізден автоматты түрде кәмпит, печеньені, торттарды жегіңіз келмейтін алдамға айналарсыз.
Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгеріс болады?
1 сағаттан соң... қарныңыз ашқандай сезімде боласыз.
1 күннен соң... жүрек соғысы мен қан қысымы реттеледі.
3 күннен кейін... 1-3 күнге созылатын тәттіге құмарлық тоқтайды.
1 апта өткенде... көңіл-күй көтеріліп, тері жақсарады, денеде көп күш-қуат пайда болады.
1 айдан соң... есте сақтау қабілеті жақсарып, ұйқысыздықтан арыласыз.
1 жыл өткенде... ағза толығымен қоректік заттармен азықтанып, артық салмақтан арыласыз.
Осынша пайдасын көре тұра, өз өзіңізге, уақытша қалауыңызға қарсы тұра алмасаңыз, зиянды тәттілерді аса зияны тимейтін азықтарға алмастырыңыз. Кептірілген жемістер, зефир, мармелад секілді тәттілер шоколад, кәмпиттердің орнын алмастыра алады.