- Негізгі бет
- Денсаулық
- Таңғы ауру: Қан...
Таңғы ауру: Қан қысымының жоғары екенін білдіретін белгі
Артериалды қан қысымының жоғары екенін білдіретін бірнеше белгілер бар. Бұларды кіші белгілер деуге болады. Оған мән бермей жүре беруге болмайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, артериалды қан қысымының жоғары екенін білдіретін айқын белгілердің бірі – бұл адам таңертең ұйқысынан тұрғанда басы ауырып тұруы. Мұндайда қан қысымын өлшеп, көз жеткізу керек.
Күнде таңертең бас ауырмауы мүмкін. Бірақ аптасында кем дегенде екі рет ауырады. Сондай-ақ, бас аяқ астынан ауырып кетуі де мүмкін. Бас аурудың жиілеуі де – қан қысымының белгісі. Мұндайда дәрігерге барған абзал.
Қан қысымының жоғары екенін білдіретін басқа да белгілер:
- Мұрыннан қан кету
- Жүрек қағысының бұзылуы
- Көздің көруі нашарласа
- Құлақтың шуылдауы
- Құсу, жүрек айну
- Шаршау
- Кеудеге ауырлық түссе
- Абыржу, көңіл-күйдің жоғалуы
Дәрігерлердің айтуынша, қан қысымын реттеп, бақылауда ұстап отырудың маңызы зор. Өйткені оның қан тамыры мен жүрекке тигізер зияны көп. Сондай-ақ басқа аурулардың да пайда болуына әкелуі мүмкін.
Қ. Слямбек