Дана халқымызда "таңғы асты тастама" деген нақыл сөз бар. Күніңіз сәтті өтіп, көңіл күйіңіз көтеріңкі болуы үшін таңғы асты назардан тыс қалдырмауыңыз керек. Өйткені ерекше күш-қуат беретін таңертеңгі асыңыз. Алайда адамдар таңғы асқа әртүрлі тағамдарды тұтынып, асқазанын ауыртып алып жатады. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқыдан тұрған бойда аш қарынға жеуге болмайтын бір топ тағамдарды ұсынамыз.
1. Алмұрт
Алмұрттың құрамында асқазанға кері әсерін тигізетін жасұнықтардың бар екені бұрыннан белгілі. Сондықтан бұл жемісті көбіне кешке жеген абзал.
2. Құрма
Құрманы таңертең жесеңіз, дұрыс қорытылмайды. Себебі құрмада пектин мен тері илеуге қолданатын қышқыл көптеп кездеседі. Соның салдарынан асқазанда тас пайда болуы әбден мүмкін. Бұл қызанаққа да қатысты.
3. Дымқыл көкөністер
Дәрігер мамандардың айтуынша, тек қана дымқыл көкөністерден құралған таңғы ас гастрит және ойық жараға әкеліп соқтырады.
4. Сүрсүбе, шошқа еті, сосиска
Адамдар таңертеңгі бутербродқа пайдаланатын бұл ет өнімдерінің құрамында көптеген тұз бен зиянды нитраттар бар. Бір келі етте шамамен 0,005 г ғана нитрат болуы керек. Ал біздің көрсеткіштеріміз одан әлдеқайда жоғары.
5. Құрғақ таңғы астар
Дүкеннен сатылып алынған құрғақ тағамдар сізді аз уақытқа қана тойдырады. Сонымен қатар, оларда хош иістелген қоспалар өте көп. Сол себепті бұл тағамдарды таңертең жемеген дұрыс.
Ауырмай, сырқамай өмір сүргіңіз келсе, таңғы асқа бұл тағамдарды жемегеніңіз жақсы.
Сурет: sister.net.ua