Таңғы асқа ұннан пісірілген және қант қосылған тағамдарды жеуге болмайды. "Оның орнына ақуызы мен жасұнығы мол тағамдарды жеу керек" дейді медицина ғылымдарының докторы, диетолог Кортни Д'Анджело.
Таңертеңгі ас – адам ағзасына ең жауапты кез. Оны дұрыс ішу өте маңызды. Өйткенді күндік өміріңіздің бәрі соған байланысты. Дұрыс ауқат жесеңіз, ойлау қабілетіңіз бен иммунды жүйеңіз қалыпқа келіп, жұмыс пен шаруаңызға жақсылап кірісесіз. Ал олай болмаса, жағдай қиын.
Сондықтан танымал диетологтың таңғы ас жайлы айтып жүрген ойларын жинақтап ұсынуды жөн көрдік.
Диетологтың айтуынша, таңғы асқа нан, піспенан, бисквит, құймақ, вафили сынды ұннан пісірілген тағамдарды жеп қажет емес. Көбіміз таңғы асқа жоғарыда аталғандарды жейтініміз рас. Алайда диетолог мұны "таңғы астың жаман түрі" дейді.
"Егер таңды пайдалы бастағыңыз келсе, онда қант қосылған, ұннан пісірілген тағамдарды жемеңіз. Оның ағзаға түк нәрі жоқ. Бұларда ақуыз бен жасұсынық мүлде жоқ. Мәселен, ақ ұнда ақуыз бар деп кім айтты? Кейде тіпті нанның үстіне тосап, джем, қойытылған сүт, крем мен тәтті сілегей сынды қанты мол өнімдерді қосып жейтініміз тағы бар. Бұл дұрыс емес. Ағзаға рафинатталған қант пен майлар түсіп, ұйқы безі мен бауырға салмақ түсіреді. Содан ағзаның иммунитеті төмендеп кетеді", - деп түсіндіреді Кортни Д'Анджело.
Одан бөлек, мұндай тағамдар қандағы қант мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл да ағзаға артық стресс. Өйткені өзінің қызметіне керек пайдалы, құнарлы өнімдерді ала алмаған соң, күйзеліске түседі.
"Таңғы асқа ең дұрысы – ақуызы бен жасұсынығы мол тағамдарды жеу. Жеміс-жидек пен көкөністі де ұмытпаңыз", - дейді ол.