Таңғы ас ішпейтін адамдар 75%-ға көбірек артық салмақ жинауға бейімделген дейді диетолог ғалымдар. Таңғы ас пайдалы, тойымды болып, жұмыс күнін дұрыс бастау керек.
Таңғы ас формуласы мынадай болуы керек.
53% көмірсу
Көмірсулар тәтті бәліштер, торттарда кездесетіні рас. Алайда бұл көмірсулар ағзаға тез сіңіп, қарныңыз қайта аша бастайды. Одан да кептірілген жемістер мен жаңғақтар жеп, пайдалы көмірсулар қабылдаңыз.
27% май
Май деген сөз қорқынышты естілгенімен, пайдалы майлар болады екен. Қанықпаған пайдалы майларды жаңғақ, зәйтүн майынан таба аласыз.
20% ақуыз
Ақуыз ағзамыздағы холецистокинин гормондарын көбейтеді, ал бұл гормон бізге тойғанымыз туралы белгі береді. Сондай-ақ грелин сияқты қарынды аштыртатын гормондардың жұмысын бәсеңдетеді. Яғни жұмыртқа, йогурт, сүтті тағамдар жеу арқылы сіз аштық сезімін баса аласыз.
Таңғы ас күнделікті калорий шамасының 25-30%-ын құрау керек. Артық салмақ тастағысы келетіндерге - 400 ккал, белсенді өмір сүретіндерге - 625 ккал, қалғандарына 500 ккал шамасындағы тағам қабылдау керек.
Ал сіз таңғы асқа не ішесіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: medsputnik.ru