Асқазанның қатерлі ісігі диагнозы қойылған науқастың өмірі ісік қаншалықты ерте анықталғанына байланысты. Сондықтан аурумен байланысты болуы мүмкін белгілерге назар аудару өте маңызды. Мамандар адамның асқазан қатерлі ісігінің нақты себебін атай алмайды. Негізгі теориялардың бірі - Helicobacter Pylori бактериясы.
Онкологияның даму ықтималдығын арттыратын қауіп факторларының арасында мыналарды атауға болады:
• жаман әдеттер - алкоголь, темекі шегу;
• емделмейтін созылмалы атрофиялық гастриттің болуы;
• асқазанға жасалған ота;
• мұндай ісік ауруларының отбасында болуы;
• зиянды (қатерлі) анемия;
• асқазандағы созылмалы жаралар;
• аденома.
"Статистикаға сүйенсек, жыл сайын жүздеген мың адамнан асқазанның қатерлі ісігі анықталады. Бірақ жақсы жаңалық бар: бұл диагнозы бар науқастардың пайызы жыл сайын азайып келеді. Аурудың ең басында дәрігерге қаралсаңыз, толық жазыла аласыз", - дейді онколог Фостер Ласли.
Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы белгілері:
• тәбеттің болмауы;
• бірден салмақ жоғалту;
• іштің жиі ауыруы:
• Өте аз тамақ ішкеннен кейін тоқтық сезімі;
• ас қорыту бұзылысы;
• жиі жүрек айнуы немесе құсу;
• дененің қатты ісінуі;
• асқазанның үнемі ісінуін сезіну.
"Асқазан тағамды қорытып, ішекке жібереді, онда өсетін кез келген ісік бұл процеске кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан адамдар жұтыну кезіндегі проблемаларға тап болады немесе олар тым тез тойып қалады", - дейді доктор Трикалинос.
"Қауіпті патологияны неғұрлым тез анықтасаңыз, дәрігерлер аурудың алдын алады. Шынында да, бірінші кезеңде сауығып кету мүмкіндігі 90%, ал екіншісі кезеңде 60%", - дейді дәрігер.
Біздің диетамыз қатерлі ісік ауруының даму қаупіне де әсер етеді. Сонымен, қауіпті патологияны тудыратындар:
• тым тұзды тағам: чипсы, шұжық, консервіленген шұжық, фастфуд, фри картоп, майонез;
• тым майлы тағам – бұл майдың көп мөлшерінде қуырылған ет, бекон, сары май;
• тым ащы тағам - чили бұрышы, васаби т.б;
• тым ыстық тағам - тамақ ауызды күйдірмеуі керек. Бұл сусындарға да қатысты.
Дәрігер қатерлі ісік сатысына, зақымдану дәрежесіне, ісіктің орналасуына және жалпы жағдайға, метастаздарға, науқастың жасына және қосымша факторларға байланысты емдеу тактикасын таңдайды.
Емдеудің үш әдісі қолданылады, оларды бір-бірімен ең оңтайлы комбинацияда біріктіреді:
• бүкіл ісікті немесе оның максималды көлемін алып тастау отасы;
• сәулелі терапия,
• химиотерапиялық препараттар.
"Егер ісік ерте анықталса, ол шырышты қабаттан арыға өспейді, асқазан обырын толық жоюға болады", - дейді Виталий Марьенко.
Радиациялық терапия және химиотерапия ісік жасушаларын басу және ісік өсуін тоқтату үшін қолданылады. Олар отадан бұрын ісік мөлшерін азайту үшін немесе одан кейін қалған рак клеткаларын толығымен жою үшін қолданылады.