Ас дайындауға уақыт пен энергия жұмсаудан шаршаған АҚШ елінің прораммисті өмір сүруге қажетті құрамында барлық құнарлы заттары бар коктейль жасап шықты.
24 жастағы Роб Райнхарт есімді Атланта қаласының тумасы адам ағзасын көптеген дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз ететін сусын жасады.
Өнертапқыштың айтуынша, сусынның дәмі тамаша және 6 апта ішінде ол одан жалығып үлгермепті. Сонымен қатар, қажетті элементтердің үйлесімділігіне қарамастан, құнарлық деңгейі бар болғаны үштен бір ғана екен.
«Мен биология жайлы кітаптар оқи бастадым және оқи отырып біздің жасушаларымызға құнарлы заттарды ұнтақтан немесе картоптан алатынымыз маңызды емес шығар деген ой келе бастады. Тамақ мен үшін – киноға бару секілді, бірақ мен киноға күніне 3 рет барғым келмейді», - деп түсіндірді Райнхарт.
Сусынның тағы бір көмегі - жігіт бірнеше сағат пен айына жүздеген долларды үнемдейтін болған. Егер бұған дейін ол азық-түлікке 220 доллар, сыртта тамақтануға 250 доллар жұмсаса, енді ол айына бар болғаны 50 доллар шамасында қаржы жұмсайды екен.
Soylent деп аталатын сусынның құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары, көмірсу, май бар.
Оның айтуынша, сусын ингредиенттерінің пропорциясын өзгерту арқылы жылдам арықтауға болады. АҚШ азаматы өзінің өнертабысы әлемдегі ашаршылық мәселесін шешуге өз септігін тигізеді деп үміттенуде.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: infoniac.ru