- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тамақтан кейін кофе...
Тамақтан кейін кофе ішуге болмайды
Қазір кофе ішудің сәнге айналғаны белгілі. Кейбіріміз тамақпен де, тамақтан соң да кофе ішкенді әдетке айналдырып алдық. Кейде тамақтан соң шай ішетін әдетімізге салып кофе ішеміз.
Бірақ диетологтардың айтуынша, бұл – жаман әдет. Әсіресе, денсаулыққа зияны шаш етектен.
Мәселен, неміс диетологы Моника Бишофф (Monika Bischoff) ханымның айтуынша, кофенің құрамындағы танин атты заттің ішілген тамақтың құнарын қашыратын қасиеті бар.
"Танин ішілген тамақтың құрамындағы темір элементін құртып жібереді. Ет, жеміс-жидектен келген темірдің енді ағзаға түк пайдасы жоқ. Танинмен ілесіп, ағзадан шығып кетеді. Содан ағза өзіне қажетті, қан айналымына пайдалы микроэлементінен айырылып қалады", - деп түсіндіреді Бишофф.
Дәрігердің кеңесі мынау: кофе ыстық тамақ ішіліп болған соң, 30 минуттан кейін барып ішу.
Ал ең дұрысы темір ағзаға жақсы сіңсін десеңіз, онда апельсин шырынын ішіңіз.
Айта кеткен жөн, қазақстандық тағамтанушы Майгүл Қайнарова да тамақтан кейін, әсіресе, ет жегеннен кейін шай ішуге болмайтынын жиі айтып жүр.
Қ. Слямбек"Шайды қуырдақпен, етпен бірге ішуге болмайды. Өйткені шайдың құрамындағы кофеин мен танин элементі, сүттің құрамындағы кальцинат темірді ыдыратып жібереді. Біздің қыз-келіншектердің жартысында темір жетіспейтіні содан. Қазақтар етпен бірге қою сүтті шай ішеді. Бұл дұрыс емес. Шайды тамақтанып болған соң, 40 минут не 1 сағаттан кейін ішу керек. Оған дейін тамақ қорытылып, микроэлементтер ағза жасушасына жетіп үлгереді", - деп түсіндіреді нутрицитолог маман.